Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы "Түркістан облысының әдістемелік орталығы" КММ нің ұйымдастыруымен өткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткізілген "ZHASTAR KZ" облсытық форумына №13 колледждің студенті Мейірманова Айдана Бауыржанқызы "Үздік баяндама" байқауы бойынша қатысып, "Шығармашыл студент" номинациясымен марапатталды.
№13 колледжде 1-желтоқсан "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне" орай Келес аудандық "Жастар ресурстық орталығының" жастары мен "SAMRUK" өзін өзі басқару ұйымы мүшелерінің ұйымдастырумен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Елбасы жолы" атты фильмі көрсетілді.
№13 колледжде "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы" мерекесіне орай "Жас сарбаз" әскери патриоттық клубы жетекшісі Бабаев Дартай ағай мен клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен "Ал, қанекей жігіттер!" атты әскери патриоттық сайыс болып өтті. Мақсаты жастарды отанды сүйюге, ата-ананы қадірлеуге, өз міндеттерін дұрыс атқаруға тәрбиелеу.
Тәуелсіздік! Тәңір сыйы тәтті ұғым, Ей, жас ұрпақ оған жеткен сәтті ұғын.
«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.
Бүгінгі заманның құндылығы-жастарды ораторлық мәдениетті, толеранттық тәртіп пен азаматтық танымды дамыта отырып, қоғамдағы маңызды мәселелер аясында жастардың өз көзқарастары арқылы шешім қабылдап, құқықтық сауатты, саналы азаматтар етіп тәрбиелеу.
Тәуелсіздік- менің байтақ Отаным, Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным. Тәуелсіздік- сәбилердің шаттығы, Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім.
№13 колледжде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 тамыздағы №576 қаулысымен бектілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Таза сессия» акциясы өтуде.
Келес ауданы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен республикалық "Ойдода" интеллектуалды сайысы Киелі Келес жерінде ұйымдастырылды.
Бүгін №13 колледжде Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтардағы ҚР Парламенті Мәжілісі отырысының қорытындысы бойынша берген тапсырмаларын Түркістан облысында ақпараттық сүйемелдеу бойынша МЕДИА жоспарға сәйкес, директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Шынаев Нуржигит Нурмагамбетович Мемлекет басшысының тапсырмалары туралы педагогтерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бернард Шоу: -Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан қартаямыз .
Табиғатттағы барлық жылу күннен, Өмірдегі барлық жылу адамнан. М.Пришвин
Президент Қ.К.Тоқаев жаңадан жасақталатын Үкіметке бүгінгідей қиын кезеңде халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған іс-шаралар тізімін ұсынуды тапсырды.
Білім беру мекемелерінің педагогикалық және басшы қызметкерлерін инновациялық-әдістемелік, жобалау және ақпараттық қолдау, кәсіптік жетілдіруді қамтамасыз ету, білім беру сапасын арттыруға қолдау көрсету және педагогикалық қызметті тиімді әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру мақсатында 2-4 ақпан аралығында Түркістан облысы, Келес ауданы, №13 колледж базасында «Білім берудің жоғары сапасына қол жеткізудің шарты ретінде білім беру ұйымының инновациялық-эксперименттік қызметін ұйымдастыру» тақырыбында әдістемелік семинар жоспарланды.
Биыл ағиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толды.Осы датаны атап өту мақсатында №13 колледждің арнайы пән оқытушысы Нысанбаева Жадыра Қалдыбекқызы және көркем өнерпаздар үйірмесінің жетекшісі Алдиярова Элмира Құдайбергенқызы және "Өзін өзі басқару ұйымы" студенттік парламент мүшелері, Білім министрі Мейірман Айдана, Әділет министрі Нұрлыбайқызы Нұрбибі, Экология министрі Түзел Жібек және "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығы бойынша білім алып жатқан ІІІ курс, №36 топ студенттерінің ұйымдастырумен "“Мұқағали-мәңгілік ғұмыр” атты әдеби сазды кеші болып өтті.
Кітап –білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзіе кенін түсінесің.
Осындай өзекті мәселе бойынша бүгін №13 колледждің кәмелетке толмаған білімалушылар арасында «Қауіпсіз аудан» атты акциясы бойынша Келес ауданының Полиция бөлімі, Жергілікті полиция қызметі, Ювеналды полиция тобының инспекторлары полиция майоры Тойлыбай Қантаев, полиция лейтананты Дастан Ахметдин келіп, жастармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: білім алушыларға қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу. Түнгі уақытта жүрмеу, сабақтан тыс уақытта жұмысқа бармау керектігін түсіндіру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.
Отбасы – әртүрлі жастағы ұжым, бала бірінші күннен бастап оның бір мүшесі болып табылады. Отбасы ұжымы, салт-дәстүрі, адамгершілік және құқықтық нормалары бар күрделі құрылым. Отбасындағы қарым-қатынас оның психологиялық ахуалын анықтайды.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының 31.01.2022 жылғы №20 бұйрығын орындау үшін, жастар арасында ораторлық мәдениетті, толеранттық тәртіп пен азаматтық танымды дамыта отырып, қоғамдағы маңызды мәселелер аясында жастардың өз көзқарастары арқылы шешім қабылдап, құқықтық сауаттылықты жан-жақты арттыруды пікірсайыс арқылы кеңінен насихаттау мақсатында 2022 жылғы 19 ақпан күні Түркістан қаласы, «Түркістан жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны базасында колледж студенттері арасында «Патриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгісі» тақырыбында пікірсайыс турнирі болып өтті.
Бүгін №13 колледжде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі №1- 16-7/1348-И санды хаты мен Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 05.04.2022-ғы № 28-01/1473 шығыс хаты негізінде Келес ауданынан шыққан Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» атты әдеби танымдық кеш болып өтті. Мақсаты Ұлттық Ғылым Академиясының тұңғыш президенті
Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады.
№13 колледжде жастар істері жөніндегі инспектор Мамбетов Ербол Әбдіманапұлының ұйымдастырумен "Sanaly urpak"
25-30 сәуір күндері аралығында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік ұйымдардың азаматтарды әскери қызметке дайындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы»
«Жайдарман» - көңілді тапқырлар өнер көрсететін танымал ойын-сауық бағдарламасы
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен 2021–2022 оқу жылындағы жұмыс жоспарына сәйкес.
«SAMRUK» ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫНА АТ САЛЫСУДА.
27.05.2022 жылы Шымкент қаласында орналасқан "Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің" 50 жылдығына орай «Аграрлық салада ғылым мен өндірістің ұштасуы
«WORLDSKILLS» халықаралық қозғалысын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы №99 бұйрығына сәйкес, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 31 мамыр – 3 маусым күндері аралығында облыстағы жалпы он төрт колледждің базасында «WORLDSKILLS TURKІSTAN-2022» өңірлік кәсіби шеберлік байқауы болып өтті. Биылғы чемпионатқа 59 құзыреттілік бойынша 294 студент қатысуда. 30 мамыр күні колледжіміздің директоры Қозыбаев Жақсылық Ақылбекұлы барша жарысқа қатысушылармен олардың сарапшыларына ақ жол тілеп, үміт артып шығарып салған болатын.
«WORLDSKILLS» халықаралық қозғалысын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы №99 бұйрығына сәйкес,
«№13 колледж» МКҚК-ның Қамқоршылық кеңесі Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 10.06.2022 жылғы №25/04-25/2665 санды хатына сәйкес және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығының 5-тарау 30- тармағы 1)тармақшасы негізінде білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестер таратылғандығын мәлімдейміз. Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамын сайлау тәртібі және құрамы басқарма тарапынан алдағы уақытта хабарланатын болады.
Кәсіптік білім беру жүйесі – қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші рөль атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Жастарға кәсіптік-техникалық білім беру, нарық қатынасын орнықтыру, шағын және орта бизнесті дамыту, бәсекелестікке төтеп бере алатын, жан-жақты іскер жұмысшы мамандарын даярлау - бүгінгі күн талабы.
Құрметті мектеп түлектері!!! Сіздерді Келес ауданы, Абай ауылында орналасқан №13 колледж МКҚК-ны мемлекеттік тапсырыс (грант) бойынша 2022– 2023 оқу жылына мына мамандықтар бойынша талапкерлерді оқуға шақырады!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес
25-маусымнан бастап, College SmartNation ақпараттық жүйесі немесе тікелей колледжге келу арқылы құжаттар қабылдануда.
№13 колледжде 1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы, 120107 2 «Автокөліктерді жөндеу слесарі» біліктіліктері және 1211000 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының 121106 2 «Арнайы тігінші», біліктіліктері бойынша Worldskills стандарты ережесін басшылыққа ала отырып экспериментальді түрде қорытынды аттестацияның тәуелсіз бағалау форматында демонстрациялық емтихан өткізілді. Демонстрациялық емтиханның өткізілуіне оқу орнымыздың директоры Ж. А. Козыбаев бітіруші шәкірттерімізге жағдай жасап, қолдау көрсетті.
№13 колледжде «Жас түлек-2022» салтанатты диплом тапсыру кеші болып өтті. Биыл колледжді 162 білім алушы тәмәмдады.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2017 жылғы 27-шілдедгі №355 "Қамқоршылық кеңес" ұйымын қайта құру туралы бұйрығының 2-тарау 5,6,7,8,9-тармақтарына №13 колледж МКҚК-ның қамқоршылық кеңесінің құрылуына төмендегі аты аталған азаматтардан өтініш түскені туралы хабарлаймыз.
БІЛІМГЕ ҰМТЫЛУ, ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК ЖӘНЕ ПАТРИОТИЗМ
05 қыркүйек барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде «Тілдер мерекесін» тойлайды.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының бастамасымен өңірдегі барлық аудан мен қалада өтіп жатқан «AMANAT AQYLMAN» интеллектуалды сайысы Келес ауданында жалғасын тапты. Аудан аумағындағы әр саладағы ұшқыр ойлы, білікті де білімді азаматтардан құралған 10 команда өзара күш сынасты
1940 жылы 2 қазанда «Кәсіптік білім беру саласының ұстаздары күні» КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының "Мемлекеттік еңбек резервтері туралы" Жарлығы қабылданды
19.10.2022 жылы №13 колледжде Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.А.Қалқамановтың 25- қазан Республика күнін мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес "Қыран елім-Қазақстаным"
2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды
№13 колледжде "Педагогтарды аттестаттауда нормативті құқықтық актілер (№561 бұйрығымен өзгертулер мен толықтырулар" және оқу жұмыс бағдарламалары" тақырыбында семинар болып өтті.
№13 колледжде 2022 жылы 15 қараша күні «Жұмыс беруші күні» ашық есік күні өтеді. Ауданымыздың жұмыс беруші кәсіпкерлерін, әлеуметтік-серіктестер мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасын шақырамыз.