№13 колледжде 2022 жылы 15 қараша күні «Жұмыс беруші күні» ашық есік күні өтеді. Ауданымыздың жұмыс беруші кәсіпкерлерін, әлеуметтік-серіктестер мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасын шақырамыз.
№13 колледжде 2022 жылы 15 қараша күні «Жұмыс беруші күні» ашық есік күні өтеді. Ауданымыздың жұмыс беруші кәсіпкерлерін, әлеуметтік-серіктестер мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасын шақырамыз.
«Жұмыс беруші күнін» өткізу мақсаты – жұмысшы кадрларды даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау.
Қатысушы өкілдер:
- қамқорлыққа алған кәсіпорындар;
- дуальды оқытуға қатысатын кәсіпорындар;
- мақсатты кадрларды даярлауға қатысатын кәсіпорындар;
- колледжбен ынтымақтасуды жоспарлап отыратын кәсіпорындар;
- «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы;
- бұқаралық ақпарат құралдары.
Жұмыс берушілермен кездесу бағдарламасына мынадай іс-шаралар ұсынылды:
1. Жұмыс берушілер үшін колледж бойынша танысу экскурсиясы (оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар);
2. Оқытушылар мен студенттердің жұмыс берушілермен диалог алаңында кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша кездесулер;
- кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті негізгі нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру (академиялық тәуелсіздік, дуальды оқыту, кәсіпорындармен колледждерді қамқорлыққа алу, мақсатты мемлекеттік білім беру тапсырысы, кәсіпорындарда мұғалімдердің тағылымдамасы және т.б.);
- жетекші кәсіпорынның жұмыс тәжірибесі (слайд көрсету, кәсіпорынды дамытудың жетістіктері мен перспективалары туралы бейнематериал, колледжбен ынтымақтастық, түлектерді жұмысқа орналастыру, мұғалімдердің тағылымдамасы);
3. «Жұмыс беруші мен жас маманның жұмысқа қабылдау жөніндегі келіссөздері» іскерлік ойындарын, пікірталас, тәлімгерлермен тренингтерді, кәсіпорындармен танысу экскурсиялары, жұмыс берушіден жаңа технологияларға шолу жасау бойынша қонақ лекцияларын өткізу;
4. Жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің үздік жұмыс берушілерді грамоталарымен (құттықтау хаттарымен) марапаттауды ұйымдастыру;
5. Меморандумдар мен келісімдерге қол қою;
6. Колледжде бос жұмыс орындар жәрмеңкесін, көрмелерді және т.б. ұйымдастыру.