Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен 2021–2022 оқу жылындағы жұмыс жоспарына сәйкес.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен 2021–2022 оқу жылындағы жұмыс жоспарына сәйкес. "Тұлпар мініп, ту алған" атты облыстық өнер фестивалі Келес ауданы, N13 колледж МКҚК-да өтті. Фестивальде 85 өнерпаз студенттер қамтылды. Өнер додасы өнерлі студенттерді ынталандыруға, музыкалық мәдениет және өнерді жандандыруға, жаңа таланттарды қолдауға бағытталды.
Өнер фестивалінде Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының директоры Ешенкулов Бақытжан Қабайұлы, орталықтың бөлім меңгерушісі Ныгметова Клара Қанбетқызы, орталықтың қызметкері Көшенов Алмат Нұртасұлы, білім беруді дамыту орталығының эстетикалық бағыттағы пәндер әдіскері Архабаев Нұғман Сманұлы шығармашылығы арқылы өнер жолына түскен өршіл өнерпаздарға шығармашылық сәттілік тіледі. Іс -шарада, салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыпты дәріптейтін қол өнер бұйымдары, кітап, техника көрмесі ұйымдастырылды.