05 қыркүйек барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде «Тілдер мерекесін» тойлайды.
05 қыркүйек барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде «Тілдер мерекесін» тойлайды. Жалпыхалықтық атаулы датаны туғанына 150 жыл толған Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына орайластыруында үлкен мән бар. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа емле, төте жазу, араб графикасы сынды жаңа үлгі ұсынған реформатор. Алаш қайраткері, тіл білімінің атасы, ұлт ұстазы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы.
Бұған дейін (1998 жылдың 20 қаңтарынан бастап) 22 қыркүйекте атап өтілетін мереке, 2017 жылғы үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысымен 5 қыркүйекке ауыстырылған. Атаулы датаның өзгеру себебі – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. «Ұлт ұстазы» атанған Алаш арысы 1872 жылы 5 қыркүйекте Қостанай округі, Торғай уезі, Тосын болысының 5-ауылына қарасты Сартүбек елді мекенінде дәулетті отбасында дүниеге келген. Замана алыбына Сәкен Сейфуллин "...Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді" деп баға берген.
Осы датаны атап өту мақсатында Козыбаев Жақсылық Ақылбекұлының басшылығымен «Тілдер» апталығына орай «Тіл ғұмыры- ұлт ғұмыры» атты мерекелік әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Дуйсенова Бибиажар Батырқызы баяндама жасады. Кітапханашы Тұрдалина Қалия апай арнайы кітап көрмесін ұйымдастырып, келген қонақтарды кітап оқуға шақырды. Мың бұралған бишілері көрермен көзайымы болса, колледжімізде тату тәтті өмір салтын ұстанып келе жатқан өзге ұлт өкілдері өздерінің ана тілінде барша қонықтарды тіл мерекесімен құттықтады. Атап айтар болсақ, Әзербайжан ұлтының өкілі «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының ІІІ курс студенті Гулмамедова Зарина мерекемен құттықтап, өзінің шығарған «Қазақ тілі-мақтанышым» атты өлеңін оқып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Түрік ұлтының өкілі, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының ІІ курс студенті Тастемирова Севинч пен өзбек ұлтының өкілі Таслымова Дилорам келген қонақтарды өз ана тілдерінде құттықтап, қазақ тілінде жүрек жарды тілектерін білдірді.