Келес ауданы "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен республикалық "Ойдода" интеллектуалды сайысы Киелі Келес жерінде ұйымдастырылды.
Жоба жетекшісі Олжас Мамыр бастаған сайыс бұған дейін Шымкент қаласы Түркістан және Жамбыл облысында үш маусымы өткен болатын. Төртінші маусымда Келес жеріне келген қонақтарды көру үлкен қуаныш болды.
Сайыста аудан әкімі Ақментай Үсенұлы және аудандық Маслихат хатшысы Арын Орынбекұлы, облыстық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің басшысы Ерасыл Әшірбайұлы сөз алып, ашылу салтанатында сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Республикалық сайысқа Алматы қаласы және Жамбыл облысы, Қызылорда облысы және Шымкент қалаларынан, Түркістан облысының барлық аудандары және Келес ауданынан жиналған 51 команда тіркеліп ойында 39 команда бақ сынады.
№13 колледж қызметкерлерінен құралған «Самұрық» командасы қатысып, өз белсенділіктерін көрсетті. І-ші турда 20 сұрақтың 18-не дұрыс жауап беріп келесі айналымға жолдама алды. ІІ-турда үш командамен бақ сынасып, белсенділіктерін танытты.
Жүлделі болған командаларға аудан әкімі атынан арнайы алғыс хат және қаржылай сыйлықтар табысталды. "Үздік ойыншы", "Үздік капитан", "Үздік жауап" номинацияларын иеленген қатысушыларғада қаржылай сыйлықтар табысталды.
Ойынның жоғары деңгейде өтуіне себепкер болған ұйымдастырушыларға, демеушіге, жоба жетекшілеріне, аудан әкіміне алғыс айтамыз.