Құрметті мектеп түлектері!!! Сіздерді Келес ауданы, Абай ауылында орналасқан №13 колледж МКҚК-ны мемлекеттік тапсырыс (грант) бойынша 2022– 2023 оқу жылына мына мамандықтар бойынша талапкерлерді оқуға шақырады!
07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру,
3W07161603 Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі,
3W07161601 Жөндеуші-слесарь.
07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету жөндеу және пайдалану,
3W07161301 Автомобиль жөндеу слесарі,
3W07161302 Автомобиль электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик.
06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер, 3W06120101 Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы.
07150500 Дәнекерлеу ісі,
3W07150501 Электргазымен дәнекерлеуші.
07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу,
3W07230102 Арнайы тігінші,
3W07230101 Тігінші.
10130300 Тамақтандыруды ұйымдастыру,
3W10130302 Аспазшы,
3W10130301 Кондитер-безендіруші.
Білім алушылар шәкірт ақымен, тегін түскі ыстық тамақпен, жатақханада тұратындар үш мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Колледжге қабылданған студенттерге мемлекеттік сынақты жақсы немесе үздік тапсырғандарға шәкіртақы \степендия\, тоқсан сайын жолақы төленеді.
Жақсы оқыған студентерге ай сайын 21.787 теңге көлемінде, үздік оқыған студентерге ай сайын 24.301 теңге көлемінде төленеді , Ата-анасынан ерте айырлыған шәкірттерге 26815 теңге жәрдемақы беріледі.
Оқу қазақ тілінде жүргізіледі. Бітірушілерге орта білімі және мамандығы туралы диплом, кәсіби куәлік және сертификат беріледі.
Қажетті құжаттар:
1.Өтініш / директордың атына/;
2.Аттестат, куәлік /мектеп бітіргені туралы/;
3.Туу туралы куәлік (көшірмесі);
4.Мед. анықтама У 086;
5.Сурет 3х4 – 4 дана;
Мекен – жайымыз:
Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі 105 үй. Байланыс сымтетігі: 3-01-16