«SAMRUK» ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМЫНЫҢ БЕЛСЕНДІЛЕРІ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫНА АТ САЛЫСУДА.
№13 колледжде кәсіби бағдар беру жұмыстары жандануда. Осы бағытта колледжіміздің «SAMRUK» өзін-өзі басқару ұйымының белсенділерінің жұмысы айтарлықтай орасан. «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша білім алып жатқан бітіруші курс студенттері Келес ауданы, Қошқар ата а/о, Балаби ауылында орналасқан №29 жалпы орта мектебіне барып, өздері алып жатқан кәсібінің қыр-сырымен таныстырды. «SAMRUK» өзін-өзі басқару ұйымының Білім министрі Мейірман Айдана осы кәсіпті алу арқылы өзіне және болашақтағы өміріне көптеген пайда әкелетін мамандығы туралы ақпараттар берді. Сонымен қатар Нұрлыбайқызы Нұрбибі жақында Тараз қаласында өткен «Киім дизайны» және «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандықтары бойынша колледждер арасында «Нео-фольклор» стиліндегі киім дизайнерлерінің ұлттық байқауы туралы айтып өтті. Аталған байқауға №13 колледжден «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша білім алып жатқан білімалушылар қатысқанын, бұл байқаудың ерекшелігі тек біздің елден емес, басқа мемлекеттерден де келген қазылар алқасы жастардың бойынан нағыз шеберге тән қасиеттерді шыңдайтынын айтып, біздің колледждің білімалушылары осы байқаудан кәсіптеріне тың өзгеріс әкелеріне сенімді екенін білдірді.