Бүгін, Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Қуатбекұлы Жолаев, Келес ауданы әкімінің орынбасары Сексенбаев Алмас Икрамұлы және Келес ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бахтияр Абдиевтер арнайы іс-сапармен №13 колледжге келді.
Бүгін колледжімізде таңғы сап түзеу "Біз адал жолды таңдаймыз" атты флешмобпен бастау алды. Мақсатымыз жастарымызды сыбайлас жемқорлыққа қарсы имунитет қалыптастыру.
Қазақ халқының үш бәйтерегі Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 толуына орай, ұлт руханиятының үш бәйтерегі, қазақ сөз өнерін талант табиғатымен де, қалам қуатымен де, байытқан даңқты да тұғырлы тұлғалар жайында №13 колледж кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Үш бәйтерек - үш ғұмыр" атты әдеби-сазды кеш болып өтті.
Бүгін №13 колледжде «Қашықтықтан оқыту кезінде Google формалары мен веб-сервистердің қолданудың тиімділігі» тақырыбында Түркістан облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен онлайн вебинар болып өтті. Мақсаты: Қашықтықтан оқыту кезінде кері байланыс жасауда және оқушылардың білім деңгейін анықтауда Google формалары мен ispring quizmaker сервистерін қолдану.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Nur Otan» партиясы іс-шаралар жоспарын» іске асыру мақсатында жоспардың 59 тармағы бойынша «Ғылым және технологиялар» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы конференция болып өтті.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының 2020–2021 оқу жылындағы жұмыс жоспарына сәйкес, колледждер арасында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын негізге ала отырып,
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, «Әдістемелік орталықтың» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» құзіреттілігінің 2020-2021 оқу жылындағы жоспары бойынша 23.04.2021 жылы «№13 колледж» МКҚК базасында онлайн режимде ZOOM платформасы арқылы облыстық Жас тоқты қабырғасынан дайындалған «Каре» тақырыбында онлайн шебер сыныбы болып өтті.
«Түркістан облысының әдістемелік орталығы» КММ-нің 2021 жылғы жоспарына сәйкес, №18 колледж және №13 колледжбен бірлесе отырып, облыстық колледждер арасында «PISA халықаралық зерттеуінің негізгі бағыттары» тақырыбында әдістемелік диалогының онлайн семинары өткізілді.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан.
Кәсіптік білім беру жүйесі – қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші рөль атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Жастарға кәсіптік-техникалық білім беру, нарық қатынасын орнықтыру, шағын және орта бизнесті дамыту, бәсекелестікке төтеп бере алатын, жан-жақты іскер жұмысшы мамандарын даярлау - бүгінгі күн талабы.
«Таза табиғат» жобасын жүзеге асыруды, экологиялық бастамалар жыл сайынғы тұрақты жұмысқа ұласып, өмір салтына айналуы шарт екенін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы айтып өткен болатын.
Облыстық әдістемелік орталығының және «Сән технологиясы құзреттілігінің» жұмыс жоспарына сәйкес “Жаһандық бәсекеге қабілеттілік. Отандық жеңіл өнеркәсіпті дамыту” тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға Облыстық әдістемелік орталықтың ТжКБ әдіскері Ж.Дуйсебаева, №1 колледж, №13 колледж, №12 колледж, «Мирас» колледжі, ОҚМУ колледжі, Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжі, №8 колледждерінің мамандары қатысты.
«Желбіршек, желбіреуіш, желбірлерді өңдеу және бұйымға қосу» тақырыбындағы облыстық өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушыларына арналған онлайн шебер сынып болып өтті.
№13 Колледж директоры Ж.Қозыбаев бүгінгі «Балаларды қорғау» күнімен колледж жастарын құттықтады. Жастардың бойында жігер, көзінде от, кеудесінде рух болу үшін әрбір ұстаздың еңбегі ерекше екенін айтып өтті.
2019 жылдан бастап Өзбекстан республикасы ең алғаш UzbekistanSkills чемпионатын өткізген. Сол жылдары колледжіміздің директоры Козыбаев Жақсылық Ақылбекұлы әдістемелік бірлестік мүшелерін бастап Ташкент қаласына барып екі жақты колледждер арасында семинарлар мен шебер-сыныптар арқылы тәжірибе алмасу мақсатында әріптестік меморандумға қол қойылған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, тұлғалардың өтініштері бойынша қабылдауды "№13 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 25-маусымнан бастап, egov порталы және College SmartNation ақпараттық жүйесі, тікелей колледжге келу арқылы құжаттар қабылданатынын еске саламыз
Қазіргі уақытта бүкіл әлемде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі өнеркәсіп үшін кадрлар даярлауға деген көзқарастар алуан түрлілігімен сипатталады. Жаһандану жағдайында кәсіби дайындық субъектілері нарыққа бағытталған тәсілді қолдануды жөн көреді.
Қазіргі таңда пандемияға байланысты "Ashyq" қосымшасы іске қосылып, өз жұмысын бастады. «Ashyq» – білім беру ұйымдарына келушілерді тіркеу қосымшасы. Колледжде немесе кіреберісте пайдаланушы сол мекеменің арнайы QR-кодын сканерлейді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы «covid-19» бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалған.
1 қыркүйек «Білім» күніне орай колледжімізде Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» атты ескерткіштің ашылу салтанаты болып өтті.
2021 жылы 23-24 тамыз күндері Түркістан облысының әдістемелік орталығының «Техникалық және кәсіптік білім беру» бөлімінің ұйымдастыруымен педагогикалық қызметкерлердің арасында «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» тақырыбында дәстүрлі тамыз конференциясы өткізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тарту арқылы жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Түркістан адалдық алаңы жобалық кеңсесі аясында жасалған 2021-2022 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың үлгілік жоспарына сәйкес "Парасаттылық мектебінің" жетекшісі Е.Мамбетовтың ұйымдастыруымен "Жемқорлықсыз болашақ" тақырыбында сурет Battle іс-шарасы өтті.
Бүгін №13 колледжде санитарлық норманы қатаң сақтай отырып, колледждегі жас мамандар мен олардың студенттеріне "Sanaly urpaq" жобасы аясында 2021-2022 оқу жылына арналған «№13 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға құрылған үлгілік жоспарына сәйкес, "Парасаттылық сағаты" болып өтті.
№13 колледжде жаңа оқу жылының басталуына байланысты санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, колледждегі «SAMRUK» өзін өзі басқару ұйымының мүшелері қайта сайланды.
Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте, деп Қадыр ағамыз жырлып өткен сөздері жадымыздан шыққан емес. Бүгін "Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні. Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар.
№13 колледжде карантиндік талаптарды сақтай отырып, сексия аралық бітіруші курс студенттерінің ата-аналары жиналысы болып өтті. Мақсаты: Жастарды жоғары мамандық таңдауға көмектесу, жұмысшы біліктілігін алғаннан кейін әлеуеметтік серіктестердің сұранысына сай жұмысқа орналастыру, кәмелетке толған студенттерге вакцина қабылдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру.
№13 колледжде "Болашақ" дебаттық клуб мүшелерінің алғашқы отырысы болып өтті. Күн тәртібіндегі 1 мәселе бойынша клубқа жетекші сайлау. Клуб жетекші болып "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығы, ІІ курс, №39 топ студенті Мейірманова Мадина бір ауыздан сайланды.
1 қыркүйектен sanaq.gov.kz арнайы сайты жұмысын бастады, мұнда қазақстандықтар 15 қазанға дейін онлайн-режимде санаққа қатысты барлық сұрақтарға жауап бере алады. Дәстүрлі жалпы аралау 1-30 қазан аралығында жүргізіледі және ол белгіленген мерзім ішінде санақтан онлайн-режимде өтпеген респонденттер арасында жүргізілетін болады.
Тәуелсіздік алғалы еліміз биік белестерді бағындырып, қарыштап дамып келеді. 30 жыл ішінде Қазақстан әлемнің дамыған 50 елінің қатарына қосылды. Айтулы тарихи кезеңнің маңызды жетістіктерінің бірі – қазақстандықтардың жаңа буыны қалыптасты. Бүгінгі Тәуелсіздік ұрпақтары – белсенді, білімді, жан-жақты және олардың патриоттық рухы жоғары.
1 қыркүйектен sanaq.gov.kz арнайы сайты жұмысын бастады, мұнда қазақстандықтар 15 қазанға дейін онлайн-режимде санаққа қатысты барлық сұрақтарға жауап бере алады. Дәстүрлі жалпы аралау 1-30 қазан аралығында жүргізіледі және ол белгіленген мерзім ішінде санақтан онлайн-режимде өтпеген респонденттер арасында жүргізілетін болады.
№13 колледж жастары «MediaLitFEST Turkestan KZ» ұйымдастырылып жатқан медиасауаттылық бойынша бірінші онлайн-фестивальға қатысуда! Қазақ тіліндегі интерактивті оқыту ZOOM платформасында өтуде.
Бүгін №13 колледжде карантиндік талаптарды сақтай отырып, «Жасөспірімдік кезеңдегі аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу» тақырыбында Келес ауданы «Ешан баба» мешітінің жастар инспекторы Джартыбаев Жеңіс ағай мен «Аспазшы» мамандығы бойынша І курс студенттері арасында дөңгелек үстел болып өтті.
№13 колледжде "Ұстаздар күніне" орай, "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығының студенттері мен "Есептеу техникасы және ақпараттық желілер" біліктілігі бойынша білім алып жатқан І курс студенттерінің ұйымдастыруымен санитарлық нормаларды сақтай отырып, "Ұстазым-ұлағатым" атты тәрбие сағаты болып өтті.
Баршаңызды «Ұстаздар күні» мерекесі және төл мерекеміз 2 қазан «Техникалық және кәсіптік білім беру күнімен» шын жүректен құттықтаймыз!
аймақтық байқауына үміткер "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығының ІІІ курс студенті Нұрлыбайқызы Нұрбибіге №13 колледж ұстаздары мен студенттері сәттілік тілейді.
№13 колледжде "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына" орай футболдан І курстар арасында жарыс болып өтті. Өз бақтарын 6 мамандықтар құралған командалар сынады.
Бүгін №13 колледжде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті тапсырмасы негізінде, Саналы ұрпақ» еріктілер клубы мүшелері арасында «Саналы ұрпақ - сыбайластыққа жол бермейді!» деген атпен колледжішілік іріктеу слеті болып өтті.
№13 колледжде "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығы бойынша оқып жатқан №39 топтың ата–аналар жиналысы болып өтті.
"Birgemiz Turkistan" жобасы аясында Келес ауданы "Nur Otan" партиясы "Jas Otan" жастар қанаты ұйымдастыруымен 𝗝𝗮𝘀 𝗢𝘁𝗮𝗻 𝗖𝗮𝘀𝗲𝘀 "Жас депутаттар корпусы" мүшелері мен Келес ауданы Абай ауылы №13 колледж жастары арасында кездесу өтті.
«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша «Киімді құрастыру» пәнінен «Тік белдемше негізінің сызбасын жасау» тақырыбында арнайы пән оқытушысы Нысанова Жадыра онлайн ашық сабақ өтті.
Бүгін №13 колледжде "Жас сарбаз" әскери патриоттық клубы мүшелері мен ауған соғысы ардагерлері арасында кездесу болып өтті. Кездесу барысында ардагер ағалар жастарға отанды сүюге, ұстаздарды құрметтеуге және ата-анаға адал болуға шақырды. Кездесу соңында клуб мүшелері ардагер ағалармен естелік суретке түсті.
"№13 колледж" МКҚК-ны "Мейірім" еріктілер клубы мүшелері жаңадан салынып жатқан Келес аудандық орталық мешітінің тазалық жұмыстарына көмек беріп қайтты. Тазалық шарасына колледж студенттері мен жастар ұйымының жетекшісі Мамбетов Ербол мен еріктілер тобы мешітте тазалық шарасына белсене қатысты.
Елбасымыз сыбайлас жемқорлықты ұлтымыздың қауіпсіздігіне төнген қатерлердің бірі, әрі қоғам болып онымен күресуге шақырған болатын. Соған байланысты елімізде көптеген игі істер жасалынып жатыр. Солардың бірегейі – «Саналы ұрпақ» деп аталатын жемқорлыққа қарсы бастама.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай "БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ТІРЕГІ" атты облыстық жастар форумы аясында өткен "Тәуелсіз елдің білімді ұрпағы" интеллектуалды сайысының "Kahoot" квест ойындарына №13 колледжден қатысқан Құдайберген Балғынбек Байырбекұлы жүлделі ІІ орын иегері атанды. ІІІ курс "Дәнекерлеу ісі" мамандығы бойынша қатысқан Расул Орынбек "Мамандығым-мақтанышым" сайысы бойынша арнайы алғыс хатпен марапатталды.
Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы №13 колледж МКҚК мен Қазақастан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жасаған "Sanaly urpaq" жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың үлгілік жоспарының 2 бөлімі 2.1; 2.2 тармақшасына сәйкес, колледж қызметкерлерін "Sanaly urpaq", "Adaldyk alany" жобалық кеңсесі өкілдері, ҮЕҰ өкілдерімен, арнайы мониторингтік топпен және ағартушылық насихаттау штабының өкілдерімен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру", "ҮЕҰ-н деректер қорына тіркеу" тақырыптарында кездесу болып өтті.
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту ортылығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық колледж мұғалімдері арасында өткен «Өнерлі ұстаз—2021» байқауына №13 колледж намысын қорғап, арнайы пән оқытушысы Нысанова Жадыра Қалдыбекқызы қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.
№13 колледжде 01.11.2021-05.11.2021 күндер арасында "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" құзыреттілігі бойынша "Тігіншілер апталығы" өтуде. Қалбаева Улбике апай өз шәкірттерімен тіккен "Қызыл құрақ" атты топтамасын, Құттыбаева Әлия және Абжаппарова Куралай апайлар дайындаған "Кестелі көйлек", киізбен салған «Қарақат» топтамасын киіп дефиле шоуы болып өтті.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында "Мақтарал аграрлық" колледжі базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Жас сарбаз» әскери патриоттық облыстық слеті болып өтті.
«TALAP» КеАҚ ұйымдастыруымен Түркістан облысы колледж басшыларының орынбасарлары «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқу жұмысының тиімділігі» 01.11. – 19.11.2021 жыл аралығында жаңа форматта біліктілікті арттыру курсынан өтуде. Курс бағдарламасы колледждерде академиялық дербестік кезінде оқу үрдісін ұйымдастырудың тиімділігі және сапасын арттыруға бағытталған.
17-қараша "Халықаралық студенттер күні" мерекесіне орай №13 колледжде студенттер кеші ұйымдастырылды. Жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтілетін айтулы мерекенің бірі – Студенттер күні. Жастар бұл күнді асыға күтеді. Осыған орай биылғы жылдың мерекесі де өз ерекшелігімен орын алды.
“WorldSkills Kazakhstan 2021” – VI-шы Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатты "Astana Polytechnic" колледжінде «Инженерлік графика CAD» құзыреттілігі бойынша бастау алды. Облыстың намысын «Инженерлік графика CAD» құзыреттілігінен бас сарапшы №13 колледждің арнайы пән оқытушысы Аринов Тонгичбай қорғауда.