Білім беру мекемелерінің педагогикалық және басшы қызметкерлерін инновациялық-әдістемелік, жобалау және ақпараттық қолдау, кәсіптік жетілдіруді қамтамасыз ету, білім беру сапасын арттыруға қолдау көрсету және педагогикалық қызметті тиімді әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру мақсатында 2-4 ақпан аралығында Түркістан облысы, Келес ауданы, №13 колледж базасында «Білім берудің жоғары сапасына қол жеткізудің шарты ретінде білім беру ұйымының инновациялық-эксперименттік қызметін ұйымдастыру» тақырыбында әдістемелік семинар жоспарланды.
Семинар барысында педагогтерге инновациялық қызметте қолдау көрсету, тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында әдістемелік көмек, колледждің оқу-әдістемелік қызметі қызметінің негізгі бағыттарын анықтау жұмыстары және «Жаңа кәсіптер атласын ескере отырып, білімгерлердің ерте кәсіптік бағдарын дамыту» тақырыбындағы оқыту семинары өткізілді.