Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі
22 May 2025

"БІЗДІҢ БІРЛІГІМІЗ - БОЛАШАҚТЫҢ БІЛІМІНДЕ" АТТЫ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ


Түркістан облысы білім басқармасының 10.11.2024жылғы №365 облыстық өнер фестивалін өткізу туралы бұйрығына сәйкес облыстағы білім беру ұйымдары арасында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын насихаттау мақсатында №13 колледжде сәуір айының 24-ші жұлдызы "БІЗДІҢ БІРЛІГІМІЗ - БОЛАШАҚТЫҢ БІЛІМІНДЕ!" атты өнер фестивалі өтті. Аталған іс-шараға Түркістан облысы білім басқармасы "Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы" КММ нің саз жетекшілері Көшенов Алмат Нұртасұлы, Айтов Мырзарайым Әбдікерімұлы қатысып, колледждің шығармашыл студенттердің өнеріне өз бағаларын берді.

22 May 2025

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ- БОЛАШАҚҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ


«N13 колледж» МКҚК-да «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ- БОЛАШАҚҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ» атты тақырыбында өтетін бос жұмыс орны жәрмеңкесі және кәсіпорынмен танысу, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық-кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мақсатында ашық есік күні болып өтті. Жиынды колледж басшысы Козыбаев Жақсылық Ақылбекұлы ашып берді. Сонымен Келес аудандық «Мансап» орталығы басшысы Темирбаева Нурипа Құралбекқызы, «Келес» жастар ресурстық орталығының мамандары қатысты. Шара барысында «НУР АГРО» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім кәсіптік білім беру мен өндірістік тәжірибені ұштастыруға бағытталған. Меморандумға отыру мақсаты – колледжбен өндіріс орнының, арасында студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне және жұмысқа орналасуына сондай-ақ, ұйымдардың өзара ынтымақтастық аясында бірлесіп жұмыс жасауға, ортақ мақсатқа қол жеткізуге және болашақта бір-біріне қолдау көрсетуге дайын екендігін ресми түрде бекіту. 1. Шара барысында колледждің Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану ,«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», Ауыл шаруашылығын механикаландыру, Есептеу техникасы және ақпараттық желілер Тамақтандыруды ұйымдастыру және «Дәнекерлеу ісі» мамандықтарының арнайы пән оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, арнайы баяндама жасады. Шара барысында Мансап орталығы Келес ауданына қарасты өндіріс орындарының және аудан мекемелерінің бос жұмыс орындарына колледждің бітіруші студенттерімен аудан жастары арасында “АШЫҚ ЕСІК” күні жәрменкесіне ұласты.

2022-2023 жаңа оқу жылына қабылдау бойынша QR код

https://disk.yandex.kz/i/KNTCjx043plxUg

Барлық студенттердің үлгерімі мен жетістіктерін арттыру үшін 2000 жылдан бастап біз білім беру көшбасшыларымен серіктес болып келеміз

Біздің тарихы

Құрылған жылы

1961 жылы
бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы совхозының «Көгерту» елді-мекенінде №186 кәсіптік техникалық училищесі болып ашылған.

Толығырақ

Колледж туралы

Мамандықтар

Фермер шаруашылығы, Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу, Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, Дәнекерлеу ісі, Тамақтандыруды ұйымдастыру, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

Толығырақ

Колледж миссиясы: Білім деңгейі жоғары, кәсіби шеберлігі бар, өзінің жеке стратегиясын құра алатын, бәсекеге қабілетті, ұлттық рухты бойына сіңірген жұмысшы мамандарды дайындау

Біздің миссия туралы толығырақ оқыңыз

Блог

Директор Блогі

Сұрақ: Кәсіптік практикаға жіберген кезде сіздер тарапынан қандай әдістемлік көмек береді?

Жауап: Кәсіптік практикаға жіберген кезде студенттерге арнайы мұғалімдер тағайындалып, олардың практикада жасайтын барлық жұмыстарын практикалық жұмыс оқу бағдарламаларында көрсетіп береді.

Толығырақ
Қонаққа шақырамыз!