БІЛІМГЕ ҰМТЫЛУ, ЕҢБЕКСҮЙГІШТІК ЖӘНЕ ПАТРИОТИЗМ
Күз бір өзі келген жоқ. Өзімен бірге білім күнін ерте келді. Білім күні - жас үшін де, кәрі үшін де мерейлі мереке, зор қуаныш. Жаз бойы демалған студенттер үшін колледжіне, ұстаздарына, бір курста оқыған құрбы достарына деген сағыныш. Білім теңізінде шұғылалы сәуле шашып нұр құятын білімордасы ол №13 колледж. Бүгін колледжімізде «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм» атты салтанатты жиыны болып өтті. Салтанатты жиынды колледж директоры Ж.Козыбаев құттықтау сөздерімен ашып берді. Өз сөзінде Жақсылық Ақылбекұлы жастарға оқуда озат болып, еліміздің ертеңі үшін мықты маман иесі атануын айтып өтті. Колледжіміздің жеткен жетістеріне толқталып, алдағы жоспарларымен таныстырды. Келесі сөз ата-аналар комитетінен Тегісжыл ауылдық округының ақсақалы Байназаров Нурмахамад жастарға сәтті сапар тілеп, ақ батасын берді. Абай ауылы әкімішілігің маманы Алтыбаев Қыдырбай ағай жастарға жақсы маман иесі болып, ауылымыздың көркейуіне, гүлденуіне аянбай қызмет етуіне сенім білдірді. Директордың оқу істері жөніндегі орынбасары Садыкова Гүлнар Сабырқызы ұстаздар мен студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтап ыстық лебіздерін білдірді. Салтанатты жиын «SAMRUK» өзін-өзі басқару ұйымының белсенді бишілерінің биімен әрлене түсті. Жаңа оқу жылын колледжден бастаған талапкерлер колледждегі алғашқы қоңырау үнімен сыныптарына кіріп, ұстаздармен алғышқы сабақтарын бастап кетті. Жаңа оқу жылы құтты болсын құрметті әріптестер!