Жарияланған 15 May 2022

«ЖАС САРБАЗ» ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ КЛУБЫ

«ЖАС САРБАЗ» ӘСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ КЛУБЫ

Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сана-сезімін арттыру, әскери борышты өтер алдындағы шеберліктерін шыңдау және әскери-патриоттық клубтар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ағымдағы жылдың 14 мамырында Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес "Қожа Ахмет Яссауи" колледжінің базасында "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубтарының слеті ұйымдастырылды.

Слеттың мақсаты:

1. Біз бірлігімен ынтымағы жарасқан тамаша мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Тыныштық пен тұрақтылық салтанат құрған жерде ғана адамдар алаңсыз білім алып, адал қызмет етеді. Жастар арасында дене шынықтыру мен әскери-қолданбалы спорт түрлерін танымал ету болып табылады.

2. Азаматтық құқықтық, патриоттық тәрбие беруде мазмұны мен әдіс тәсілдер мен оқу тәрбие құрылымының өзара іс әрекеттестік негізінде деңгейін көтеру. Мәңгілік ел мұратын көзіміздің қарашығындай сақтау үшін қашанда бір болайық.

Біздің №13 колледждің «АРЛАН» әскери бөлімшесі жоғарғы деңгейде алғашқы іріктеуде өз саптық шеруі мен патриоттық ән байқауын абыроймен алып өтті. «Жас сарбаз» әскери патриоттық қозғалысы Түркістан облыстық филиалының төрайымы Шекербек Аружан біздің оқу орнымыздың жас сарбаз қатысушыларының оқу-жаттығуға арналған автоматты (Калашников) шашып-жинауы жоғарғы деңгейде деп бағасын беріп, сахна төрінде ерекше алғыстарын білдірді. Колледжіміздің « «Жас Сарбаз» әскери патриоттық клубы облыстық деңгейде өткен байқауға қатысып, ұйымдастырушылардың арнайы алғыс хатыменен марапатталды. Клуб жетекшісі, АӘД пәні оқытушысы және ұйымдастырушысы Бабаев Дартай ағайды марапатымен құттықтаймыз!