№13 колледжде 1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы, 120107 2 «Автокөліктерді жөндеу слесарі» біліктіліктері және 1211000 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының 121106 2 «Арнайы тігінші», біліктіліктері бойынша Worldskills стандарты ережесін басшылыққа ала отырып экспериментальді түрде қорытынды аттестацияның тәуелсіз бағалау форматында демонстрациялық емтихан өткізілді. Демонстрациялық емтиханның өткізілуіне оқу орнымыздың директоры Ж. А. Козыбаев бітіруші шәкірттерімізге жағдай жасап, қолдау көрсетті.
№13 колледжде 1201000 «Автомобиль көлігіне техникалық көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы, 120107 2 «Автокөліктерді жөндеу слесарі» біліктіліктері және 1211000 «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының 121106 2 «Арнайы тігінші», біліктіліктері бойынша Worldskills стандарты ережесін басшылыққа ала отырып экспериментальді түрде қорытынды аттестацияның тәуелсіз бағалау форматында демонстрациялық емтихан өткізілді. Демонстрациялық емтиханның өткізілуіне оқу орнымыздың директоры Ж. А. Козыбаев бітіруші шәкірттерімізге жағдай жасап, қолдау көрсетті. «Автокөліктерді жөндеу слесарі» демонстрациялық емтиханының ұйымдастырушы эксперті Е.Н.Турсунбаев қатысушылардың жұмыс істеу алаңы, сарапшылар тобының жұмыс орынын бөлу, ТҚ ережесінің инструктажын хаттамалау жұмыстарына басшылық етті. Қатысушыларды А-модулі «Қозғалтқышты бұзып жинау» механикалық бөлігі, «OPEL VEKTRA» механикалық беріліс қорабын бөлшектеп қайта жинау», В-модулі бойынша сараптауға колледж әлеуметтік серіктестіктерінен, атап айтқанда, «PartnersProduct LTD» ЖШС төрағасы Егембердиев Талғат Баратович бас сарапшылық етті. Алдияров Асилбай Абдалиевич «АЛДИЯРОВ А.А» ЖК, Кадиров Алтынбек Султанович «Жансерік»ШҚ механигі, Кумисбеков БахытАрипбаевич «ABAY-BRICK» ТОО бас механигі сарапшылар болып шәкірттердің жұмысын Worldskills талаптары негізінде CIS бағалау жүйесі арқылы бағалады. Қатысушылар цилиндрлер блогының бастиегі қақпақшасын алу, майлы түпқоймасының қалқасын майқабылдағыштан ажырату, шатун қақпақшасын бекіту , аралық білікті бұрап, аралық және иінді біліктердің тегершіктеріндегі белгілерін қиыстыру, ГТМ жетегінің тісті белдігін орнату және оның керіп тартып тексеру жұмыстарының технологиялық процессін ұтымды көрсете білді.
Колледжіміздің тігін шеберханасында өткізілген демонстрациялық емтиханды бағалауда ұйымдастырушы эксперт, директордың оқу-өндірістік тәжірибе жұмысы жөніндегі орынбасары Е.Н.Турсунбаев жетекшілік жасап, модуль тапсырмаларының орындалуын қадағалады. Сарапшылық етуге колледжіміздің әлеуметтік серіктесі «САНУР» ЖШС –ның бас технологы Төреханова Шахадат ханым бас сарапшылық етті. Бас сарапшылар қатысушыларды бағалауда дайындаған технологиялық картасына, өнімнің салмағына, санына, сыртқы формасына орындау күрделілігіне, шығармашылық деңгейіне назар аударды. «Арнайы тігінші» біліктілігі бойынша демонстрациялық емтиханының ұйымдастырушы эксперті Ж.У.Сапаров қатысушылардың жұмыс істеу алаңы, сарапшылар тобының жұмыс орынын бөлу, техника қауіпсіздік ережесінің инструктажын хаттамалау жұмыстарына басшылық етті. Қатысушылар А-модуль тапсырмасында: Эскиз салу-30 мин. Көйлектің сипаттамасы, фигураның шаблоны көрсетілген. Бас сарапшы қатысушыларға мата үлгісі мен пішіннің үлгісін ұсынады. Студенттер тігілу техникасын пайдалана отырып, көйлектердің графикалық эскиздерін орындайды. Сарапшылар тобынан Абдирахманова Акмарал Бекболатовна және Арыстанова Эльмира Алдияровналар шәкірттердің жұмысын Worldskills талаптары негізінде CIS бағалау жүйесі арқылы бағалады.