Осында баланың әлемді, адамдарды өзін-өзі танып білуі қалыптасады. Осында ол білім және әртүрлі саладағы дағды мен біліктілікті , ең бастысы адамгершілік қатынас, қарым-қатынас саласындағы дағдыларды табады. Баланың қандай болып өсуі отбасындағы жағдайға байланысты.
Ата-ананың қорқынышы:
- Баласының жақсы білім ала алмауы мен өмірде өз орнын таба алмайды-ау деген қорқыныш, баланың қабілеті мен жағдайы мүлде толғандырмайды.
- Баласын білім беру ұйымында бөгделер ренжітеді деген қорқыныш. Сондықтан ата-анамен колледжде жұмыс жүргізілуі қажет.педагогикалық ұжым мен ата-ананың негізгі міндеті – бірін-бірі түсінуі.
Бүгінгі таңда ата-ананың колледжбен және колледждің ата-анамен қарым-қатынасының конструктивті мінездемесін табу қажет. Ата-анамен қарым-қатынастың негізінде колледж туралы түсінік және ол не істей алады, оның мүмкіншілігінің шегі қандай екенін түсіне білуі қажет.
Міне осы мақсатта 16.02.2022 жылы №13 колледжде ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысты колледж директоры Қозыбаев Жақсылық Ақылбекұлы ашып беріп, жүргізіп отырды.
Алғашқы сөзге директордың тәрбие істері жөніндегі орынбасары Шынаев Нұржігіт Нурмагамбетович шығып, ата-аналарға білімалушылардың сабақтан негізсіз қалмауын, түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрмеуін айтты.
Келесі сөзге директордың оқу істері жөніндегі орынбасары Садыкова Гүлнар Сабырқызы шығып, оқу процесі жайлы көптеген мағлұматтар беріп өтті. Оқу-тәрбие барысында колледжіміздің жеткен жетістіктері туралы айтып өтті.
Директордың өндірістік оқу істері жөніндегі орынбасары Турсунбаев Ержан Нурманович жастарға білім беруде халықаралық олимпиядалар болатынын айтты. Колледж студенттеріне арналған WorldSkills халықаралық байқауы жайлы кеңінен тарқатып айтты және колледждіміздің жеткен жетістіктері жайлы мағлұматтар берді. Оқуды бітірмей әскерге кетуге болмайтынын, академиялық демалыс беру қағидалары жайлы мағлұматтар айтып өтті.
Реваксинация жөнінде колледж мейірбикесі Серикбаева Қыздығой апай келген ата-аналарға вакцинация туралы кеңінен тоқталып өтті.
Жиналысқа келген ата-аналар ұстаздарға сұрақтар қойып қанағаттанарлық жауаптар алды. Ата-аналар колледж жұмысына оңға баға беріп тарқасты.