Осындай өзекті мәселе бойынша бүгін №13 колледждің кәмелетке толмаған білімалушылар арасында «Қауіпсіз аудан» атты акциясы бойынша Келес ауданының Полиция бөлімі, Жергілікті полиция қызметі, Ювеналды полиция тобының инспекторлары полиция майоры Тойлыбай Қантаев, полиция лейтананты Дастан Ахметдин келіп, жастармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: білім алушыларға қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу. Түнгі уақытта жүрмеу, сабақтан тыс уақытта жұмысқа бармау керектігін түсіндіру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру.