Мемлекет басшысы баяндамасында қазақстандықтардың көкейіндегі көптеген сұрақтарға жауап берді. Әсіресе білім саласында жүрген біздер үшін де үлкен парыз жүктелді. Халық даналығындағы «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» ұғымы дәл қазіргі кезеңге сай келіп отыр.
Еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу екендігін президентіміз ерекше атап өтті. Оны жүзеге асыру үшін Үкіметке білім гранттарының санын көбейту, шет аймақтарды білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету және елімізде шет елдің озық университеттерінің филиалдарын ашу тәрізді тапсырмалар берді. Бұл дегеніміз, бір жағынан еліміздегі жоғары оқу орындарына зор міндет жүктесе, екінші жағынан бәсекелестікті арттырып, сол арқылы сапалы маман даярлауға жол ашады деген сенімдеміз. Сондықта да, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инетллектуалды ұрпақ қалыптастыру бойынша берген тапсырмасын жұмыла абыроймен атқару мақсатында №13 колледж МКҚК-ның "SAMRUK" өзін-өзі басқару ұйымы, Парламенттік студенттер мен "Sanaly urpak" клуб мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қаңтарда берген тапсырмалары жастар арасында қызу талқыланды.
Ең бастысы – ел іргесі аман, жұртымыз тыныш болсын!