Жарияланған 6 June 2022

«WORLDSKILLS TURKІSTAN-2022» ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ

«WORLDSKILLS» халықаралық қозғалысын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы №99 бұйрығына сәйкес, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 31 мамыр – 3 маусым күндері аралығында облыстағы жалпы он төрт колледждің базасында «WORLDSKILLS TURKІSTAN-2022» өңірлік кәсіби шеберлік байқауы болып өтті. Биылғы чемпионатқа 59 құзыреттілік бойынша 294 студент қатысуда. 30 мамыр күні колледжіміздің директоры Қозыбаев Жақсылық Ақылбекұлы барша жарысқа қатысушылармен олардың сарапшыларына ақ жол тілеп, үміт артып шығарып салған болатын.

Сол үмітті ақтауда шәкірттеріміз бен олардың жетекшілері аянбай еңбек етті. Ашылу салтанатына дайындалған көрмеміз көрермендер көзайымына айналды. Өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары дайындаған «AUTO CAMP» жеңіл авто көлігі облыстық көрменің ажарын ашса, «Тігін өнідірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша дайындаған «Дефиле шоуымызды» мың бұралған қыздарымыз чемпионаттың ашылу салтанатын қыздыра түсті. «Аспаз ісі» мамандығының ұстаздары дайындаған дастарханнан дәм татып өткен барша қонақтар колледж басшылығына ыстық ықыластарын білдірді. КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ намысын қорғауда киелі қарашаңырақ №13 колледж педагогтері өздерінің кәсіби шеберлігімен облыстық чемпионатта жоғары орыннан көріне білді. 40-қа жуық колледждер арасында өткен Чемпионатта №13 колледжден «Графикалық дизайн», «Жеңіл автокөлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Желілік және жүйелік әкімшілік», «Дәнекерлеу технологиялары», «Аспаз ісі», «Сән технологиясы», «Ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеуші», «CAD инженерлік графикасы», «Бұлтты бағдарламалау», құзіреттіліктері бойынша студенттер бағын сынап, жоғары нәтиже көрсетті. Чемпионат қорытындысына сәйкес, 1 – күміс «CAD инженерлік графикасы» құзіреттілігі бойынша қатысушы Құдайберген Балғынбек Байырбекұлы және жетекшісі Давлатбаев Курбанбек Калдибаевич жеңіп алды. «Желілік және жүйелік әкімшілік» құзіреттілігі бойынша қатысушы Курбанов Исмайл Илхамжанұлы және жетекшісі Зульпухарова Гулжан Жолдасбековна мен «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша Куралова Нұргул Нурбайқызы жетекшісі Нурмаганбет Динара Нурмаганбеткызы жүлделі 2 қола медальды қанжығасына байлады. 3-"Үздік кәсіп иесі" ерекше медальонмен «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша студентіміз Мустафаев Мәди Саматұлы және оның жетекшісі Мамбетов Ербол Әбдіманапұлы марапатталды. Тағы осы аталым бойынша «Жеңіл автокөлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету» құзіреттілігінен шәкіртіміз Амангелді Бектөре Нуржанұлы жетекшісі Бекбаев Усен Нуржанович, «Дәнекерлеу технологияларынан» шәкіртіміз Кеңесов Серік Біржанұлы және оның жетекшісі Мамбеталиев Абдималик Туралыулы ерекше медальонмен марапатталып, облыстық чемпионатты үздік көрсеткішпен аяқтады. Барлық чемпионат жеңімпаздарын және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!