Осы мақсатта 2021 жылғы 10 желтоқсан күні «Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны базасында, Түркістан облысы колледж студенттері арасында «Бүгінгі заманның құндылығы неде?» тақырыбында пікірсайыс турнирі болып өтті. Кіл мықтылардың ішінен, кім мықты шығатын додаға біздің қара шаңырақ, №13 колледж студенттері де қатысып, бағын сынап көрді. Жарыс екі форматта өтті. Іріктеу кезеңдері | АПФ (Американдық парламенттік формат) 1 раунд АПФ (Американдық парламенттік формат) 2 раунд АПФ (Американдық парламенттік формат) 3 раунд. Іріктеу ойындарының нәтижесін жариялау АПФ финал ойындары 4 ЛД финал ойындары 4 АПФ финал ойындары 4 ЛД Жартылай финалдық ойын 4 АПФ Жартылай финалдық ойын ЛД (Линкольн - Дуглас) финал АПФ (Американдық парламенттік формат) финал.
Азаматтық жауапкершілігі зор, интеллектісі жоғары, рухани жандүниесі бай, эстетикалық талғамы дамыған жастар, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жыл ішіндегі ең үздік жетістіктерін жастар арасында кеңінен насихаттады. Өз ойын еркін айтып, өз позициясын үздік қорғаған №13 колледж студенттері төрешілердің шешімімен "Үздік спикер" аталымын жеңіп алды. Сайықа қатысқан студенттеріміз, Дәрібай Сара Құрманғалиқызы және Мейірманова Мадина Бауыржанқызын алған марапаттарымен құттықтаймыз! Осындай мәдениетті, ой-өрісі дамыған шәкірттеріміздің ата-аналарына колледж әкімшілігі алғыс білдіреді.