"ӘКЕЛЕР МЕКТЕБІ" МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Қарияларымыз – халқымыздың қиядағыны шалатын қырағы жанары, қоғамымыздың қадірлі қазынасы. «Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» деген қанатты сөз бар. Бәріміз білетін және жиі айтатын бұл сөз – халқымыздың қадірлі ұғымының бірі. ... Байырғы тарихымызға ой көзімен қарасақ, қай кезеңде де қазыналы қариялар елді бірлік пен адал еңбекке жетелеп отырған. Дауды әділ шешіп, ешкімнің ала жібін аттамай, әділдіктің туын жықпай, туғанына тартпауымен көпке үлгі, жасқа тәлім берген. Ұлтымыздың ұлағатты салт-дәстүрлерін өмір мектебі ретінде одан әрі дамытып, келер ұрпақтың кемел деңгейге жетуіне тікелей атсалысып жүрген қазыналы қарияларымызды колледждімізге шақырып, тағылымы мол ақылын жастардың сіңіру мақсатында колледжіміздің «SAMRUK» өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері, «Достық» клубы мүшелері, «Sanaly urpak» клубы мүшелеріне кездесу болып өтті. Кездесуге «Қазыналы қария – тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ жанындағы құрылған «Әкелер мектебінің» мүшесі, ардагер Муратов Сабыржан ата, «Аналар кеңесі» мүшесі Сарсенова Гүлбану, «Әжелер алқасы» мұшесі Азимқұлова Адилет апалар келді. Тағылымы мол бұл кездесуде жастар өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар алды.