«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.
Тазалықты жанына серік еткен №13 колледж еріктілері, бүгін Келес ауданы, орталық көше, Т.Рысқұлов көшесінің бойындағы адам жүретін жолаяқты, жоляқ маңындағы автотұрақты, жолаяқ қасындағы арық-атыздарды және №7 жалпы орта мектебінің қоршауы жанында өскен декоротив талдардың адамдар өтуіне кедергі келтіретін бұтақтарын реттеп, санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Қазақстан Репсубликасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Саламатты Қазақстан" бағдарламасын орныдау, Колледждішілік жасалған "Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерекесі қарсаңындағы 30 игі іс" жұмыс жоспарына орындау мақсатында көпшілік жүретін және "Адема" бала бақшасы тәрбиеленушілері өтетін көшенің тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді. Аудан орталығына кіре беріс аймағын, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.