Жарияланған 28 April 2022

ЖАЙДАРМАН ОЙЫНДАРЫ

«Жайдарман» - көңілді тапқырлар өнер көрсететін танымал ойын-сауық бағдарламасы

«Жайдарман» - көңілді тапқырлар өнер көрсететін танымал ойын-сауық бағдарламасы. Бұл жоба әзіл-оспақты қолдана отырып, қоғамның дамуындағы мәселелерді ашуға, ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықтарды сақтауға, дамытуға шақырады. Отансүйгіштік пен ұлттық сананың биік адамгершілік ұстанымдарын насихаттайды. Осындай ұстанымды насихаттау мақсатында Келес аудандық "Жастар ресрустық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен "Жайдарман" ойыны аудандық деңгейде болып өтті. Осы ойындарға Шымкент қаласының жастары мен 13 колледждің "SAMRUK" өзін өзі басқару ұйымының белсенділерімен біргелікте құрылған "Үйтіп-бүйтіп" жайдарман құрамасы қатысып, көрермен көзайымына айналды. Әділ-қазылар шешімі бойынша 1/4 кезеңіне жолдама жеңіп алды. Жайдарманшыларға алдағы ойындарға сәттілік тілейміз!