Жарияланған 7 April 2022

«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ»

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының 31.01.2022 жылғы №20 бұйрығын орындау үшін, жастар арасында ораторлық мәдениетті, толеранттық тәртіп пен азаматтық танымды дамыта отырып, қоғамдағы маңызды мәселелер аясында жастардың өз көзқарастары арқылы шешім қабылдап, құқықтық сауаттылықты жан-жақты арттыруды пікірсайыс арқылы кеңінен насихаттау мақсатында 2022 жылғы 19 ақпан күні Түркістан қаласы, «Түркістан жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны базасында колледж студенттері арасында «Патриотизм-ұлттық рухтың асқақ белгісі» тақырыбында пікірсайыс турнирі болып өтті.

Аталған турнирге №13 колледжден  Құттыбай Айгера Мақатқызы, Дәрібай Сара Құрманғалиқызы қатысып, колледждегі дебат клубтарының жұмысы үшін үлкен тәжірибе жинақтап,  Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы «Түркістан жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басышысының алғыс хатымен марапатталды.