Жарияланған 15 July 2022

«ЖАС ТҮЛЕК-2022»

№13 колледжде «Жас түлек-2022» салтанатты диплом тапсыру кеші болып өтті. Биыл колледжді 162 білім алушы тәмәмдады.

№13 колледжде «Жас түлек-2022» салтанатты диплом тапсыру кеші болып өтті. Биыл колледжді 162 білім алушы тәмәмдады.

Салтанатты шараның мақсаты: жас маман иелеріне құжаттарын салтанатты түрде табыстау. Маман иелеріне сәттілік тілеп, үлкен өмірге қадамдарын нық басуға үлкен серпіліс беру.

Салтанатты кешімізде көңілді ән мен би бастауын тауып, бітіруші түлектерімізді тебірентіп тастады.

Салтанатты шараға үздік диплом иегерлері, WorldSkills-2022 облыстық чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, білім байқаулары мен спорттық жарыстарда топ жарғандар, колледж қабырғасында өзін белсенді танытқан бітірушілер шақырылды. Сонымен қатар салтанатты шараға ата-аналар комитеті, колледждің серіктес кәсіпорындары басшылары қатысты. Диплом табыстау рәсімінде колледж басшысы Козыбаев Жақсылық Ақылбекұлы бітіруші жас маман иелеріне сәтті сапар тілеп, білім үздігі атанған "Үздік" білім алған түлектерімізді марапаттап, ата-аналарына алғыс айтып өтті. Колледждің туын көтеріп Түркістан облысының дәстүрлі түрде өтілетін "Worldskils Turkistan-2022" чемпионатында II-ІІІ орын алған, үздік кәсіп иесі медальонымен оралған студенттерімізді және колледжіміздің қоғамдық іс-шараларына белсене қатысып, "SAMRUK" өзін-өзі басқару ұйымының белсенді жастарын жақсы жұмыс жасағаны үшін алғысын білдірді. Кейбір түлектеріміз іс-тәжірибе барысында білікті маман ретінде білімі мен қабілеттерін көрсетіп, сол мекемелерге жұмысқа қабылданғаны біз үшін үлкен қуаныш. Жұмыс берушілер жұмысқа қабылданған түлектерге дипломдарды өздері табыстады. Кеш соңы түлектерге арналған мерекелік іс-шараға ұласты.