Жарияланған 20 April 2022

«МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР - ЖАСТАР МАҚТАНЫШЫ!»

Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады.

Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді нығайту, азаматтарды ел дамуының ортақ міндеті айналасына топтастыру, ортақ-мәдени-рухани құндылықтар мен жалпыұлттық сананы қалыптастыру мақсатында №13 колледжде «Мемлекеттік рәміздер жастар мақтанышы!» атты ашық тәрбие сағаты болып өтті.