«Жас ұрпаққа өз халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілікті сіңіру, этникалық стильді қазіргі заманғы киімде қолдану, ұлттық бренд жасау» мақсатында 3-7 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғам даму министрлігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі №05-17/1191 хатына сәйкес Тараз қаласында «Киім дизайны» және «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандықтары бойынша колледждер арасында «Нео-фольклор» стиліндегі киім дизайнерлерінің ұлттық байқауы өтіп жатыр. Аталған байқауға №13 колледжден бітіруші курс студенттері мен «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша білім алып жатқан белсенді студенттер қатысуда. Бүгінгі таңда, сарапшылардың пікірінше, жас дизайнерлерді дәстүрлі ою өрнек элементтерімен заманауи киім жасауға үйрету, сондай-ақ тауарларды жылжытуда, маркетингте, бизнес үдерістерінде және әлемдік трендтерде білім деңгейін арттыру қажет. Осының барлығы отандық өнімдерге деген сұранысты дамытуға және шетелде ұлттық брендтерді танымал етуге қызмет етуі мүмкін. «Нео-фольклор» – бұл қазіргі заманның рухына ие киім. Қазақстан колледждері студенттері арасында өтетін «Нео-фольклор» стиліндегі киім дизайнерлерінің байқауы – еліміздің ұлттық мәдениетін дамытуға өз үлесін қосады және талантты жастардың жаңа кластерін қалыптастыруға ықпал етеді. Осыған байланысты жас ұрпаққа өз халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілікті сіңіру, этникалық стильді қазіргі заманғы киімде қолдануды, ұлттық бренд құруды және халықаралық деңгейде дамытуды үйрету қажет.
Байқау талаптары: Байқауға «Киім дизайны» және «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандықтары бойынша колледж студенттері қатысуда Көрсетілімге қатысу үшін ұйымдастырушыларға келесі материалдарды ұсыну : 1. Сауалнаманы толтырып competition.AFW@gmail.com е-mail-на жіберу; 2. Қатысушының коллекциясы 2022 жылғы көктем-жаз мезгілі бойынша «Нео-фольклор» стиліндегі киімнің бес (5) моделінен тұруы керек; 3. 2022 жылғы көктем-жаз мезгілі бойынша «Нео-фольклор» стиліндегі бес (5) модельдің эскиздерін (фэшн-иллюстрация коллекциясы ретінде) А4 форматта және қағаз нұсқасында ұсыну; 4. Жоғары ажыратымдылықтағы дизайнердің жеке көркем фотосуретін ұсыну; 5. Ұйымдастырушы ұсынылған материалды өңдейді, іс-шараға дейін әлеуметтік желілерде дизайнер туралы иммидждік хабарлама жасайды (Instagram, Facebook). Байқауға шетелдерден келетін халықаралық сән апталығының негізін қалаушылары, дизайнерлер, бизнес-жаттықтырушылар, ұлттық киім бренд құрастырушылары, дизайнерлер одағының халықаралық қауымдастығының мүшелері өзекті тақырыптар бойынша шеберлік сағаттарын өткізуде. Марапаттау: 1. Гран-при; 2. I орын, II орын, III орын; 3. «Креативті эскиз» номинациясы; 4. «Топтаманың үздік конструктивті шешімі үшін» номинациясы; 5. «Топтаманың коммерциялық тартымдылығы» номинациясы; 6. «Коллекция жасау идеясының бірегейлігі» номинациясы; 7. «Дәстүрлі материалдарды, пішіндерді, түстерді ерекше пайдалану» номинациясы; 8. «Көрермендер көзайымы сыйлығы» номинациясы. Байқау соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыға қатысқаны үшін сертификаттар мен колледж басшыларына алғыс хаттар ұсынады. Байқауды ақпараттық сүйемелдеуі: Бұқаралық ақпарат құралдарында байқауды медиалық сүйемелдеу, қазақстандық және халықаралық интернет-ресурстарында өткізілуі мен қорытындылары туралы жариялау. Байқау материалдарымен танымал fashion блогерлері, журналистер, Еуропа мен Азияның ірі сән апталығының президенттері танысады.