№13 колледжде "Педагогтарды аттестаттауда нормативті құқықтық актілер (№561 бұйрығымен өзгертулер мен толықтырулар" және оқу жұмыс бағдарламалары" тақырыбында семинар болып өтті.
№13 колледжде "Педагогтарды аттестаттауда нормативті құқықтық актілер (№561 бұйрығымен өзгертулер мен толықтырулар" және оқу жұмыс бағдарламалары" тақырыбында семинар болып өтті. Мақсаты: Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтерін аттестаттаудан өткізу тәртіптері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығымен өзгертулер мен толықтырулар) Нормативті құқықтық актілерді түсіндіру. Алғашқы болып колледж әдіскері Орынбаев Ербол Қолдасбекович оқытушыларға Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтерін аттестаттаудан өткізу тәртіптері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығымен өзгертулер мен толықтырулар) туралы баяндама жасады. Келесі сөзді колледждің оқу бөлімінің меңгерушісі Оразимбетов Сәкен Есбердиевич "Педагогтерді jumys.snation.kz порталы арқылы аттестаттау процесі" тақырыбында баяндама жасады. Аттестаттауға өтініш беру үшін Jumys SmartNation порталында тіркелуді және жүктеуді көрсетті. Педагогтың цифрлық портфолиосын, түйіндемесін толтыруды үйретіп, электронды құжаттардың сканерлеген қосымша электронды кестелер, педагог пен оқушы жұмысының электронды файлдары (жобалар, сабақ түрлері және т.б.) түрде жасалу жолдарын түсіндіріп өтті. Келесі кезекте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Садыкова Гулнар Сабыровна оқытушыларға білім беру бағдарламалары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жиынды қорытындылады.