Жарияланған 22 October 2022

25-қазан «РЕСПУБЛИКА КҮНІ»

2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды

2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды. «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек»-деп ұсыныс айтып өткен. Биыл Қазақстан Республикасы бірнеше уақыттан кейін «Республика күнін» қайта мерекелеуде. Осы мерекеге орай №13 колледжде 20.10.2022 жылы Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.А.Қалқамановтың 25- қазан Республика күнін мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес мерекелік кеш болып өтті. Кешті колледж директоры Қозыбаев Жақсылық Ақылбекұлы ашып беріп, колледждің дамуына аянбай еңбек етіп жүрген әріптестерді аудан әкімі А.Ү.Есбаевтың, ауыл әкімі Е.Абдирахмановтың және колледж директорының алғыс хаттарымен мараппаттады. Келген қонақтарды Република мерекесімен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді. Іс-шара барысында көрермендер Мемлекеттік әнұран орындалып, «Достық» клубы дайындаған көріністі тамашалады. «Атамекен» әнін орындаған І курс студенті Махмуд Данияр барша көрерменнің ризашылығына бөленіп, патриоттық рухын көтеріп тастады.