Жарияланған 10 October 2022

ҰСТАЗДАР МЕРКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

1940 жылы 2 қазанда «Кәсіптік білім беру саласының ұстаздары күні» КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының "Мемлекеттік еңбек резервтері туралы" Жарлығы қабылданды

1940 жылы 2 қазанда «Кәсіптік білім беру саласының ұстаздары күні» КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының "Мемлекеттік еңбек резервтері туралы" Жарлығы қабылданды, онда кәсіптік мектептердің үш түрі анықталды: қолөнер, теміржол және зауыттық оқыту мектептері. Сондай-ақ осы жылдары техникалық минимумның бір жылдық курстары құрылды, олар кейіннен техникалық кәсіптік мектептер деп аталды. Сондықтан ТМД елдерінде биыл кәсіптік-техникалық білім беру күнінің 82 жылдығы-2 қазан атап өтіледі. Ал КСРО Жоғарғы Кеңесінің қазан айының бірінші жексенбісінде жыл сайынғы Мұғалімдер күні мерекесін белгілеу туралы Жарлығына 1965 жылы 29 қыркүйекте қол қойылды. Сондықтан биылғы 2022 жылы бір күнде екі мереке тұспа-тұс болды. Осы мерекені қалт жібермей №13 колледждің белсенділері және «SAMRUK» өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері ұлағатты ұстаздарға тосын сый жасап, керемет қошемет білдіріп, әрбір ұстазды ерекше көңіл—күймен қоса мерекелік іс-шарамен қарсы алды. Ғалымда, шахтерде бас иетін, ұстаздық жолы көпке өнеге, білім алушыларды білім нәрімен сусындататын ұстаз атты кең пейіл, жомарт жандарға студенттеріміз өз өнерлерін ортаға салып концерттік бағдарлама тарту етті. Іс-шараны колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұржігіт Нұрмағанбетұлы ашып беріп, ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, ұстаздық жолдағы істеріне сәттілік тілеп, студент жастарымызға алғысын білдірді. Адам ұрпағымен, ұстаз шәкіртімен мың жасайды десек қадірліде аяулы ұстаздар тәрбиелеп отырған шәкірттеріңіз ел үмітін ақтар, жақсылыққа бастар, ел болашағының жарқын болуы жолында қызмет ете берсін. Алар асуларыңыз, жетер жетістіктеріңіз көп болсын. Шәкірттеріңіз ел мақтанар абыройы биік кәсіп иесі болсын.