Қозыбаев Жақсылық Ақылбекұлы
Директор

 

Кәсіптік практикаға жіберген кезде сіздер тарапынан қандай әдістемлік көмек береді? 

Жауап: Кәсіптік практикаға жіберген кезде студенттерге арнайы мұғалімдер тағайындалып, олардың практикада жасайтын барлық жұмыстарын практикалық жұмыс оқу бағдарламаларында көрсетіп береді.Сонымен қатар әрбір бекітілген өндірістік оқыту шебері аптасына бір рет студенттерді қадағалап тұрады.

 

Колледж жетістіктері туралы ақпарат бере аласыздар ма?

Жауап: Колледж қызметінің нәтижелілігі: оқытушылар ұжымының жетістіктері және көрсетілетін білім беру қызметтері нәтижесі арқылы көрсетіледі. Колледждің мамандарды дайындау сапасы республикалық және облыстық денгейде расталуда. Атап айтқанда:

    2017  жылы ҚР білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің Құрмет грамотасымен колледж өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары Е.Турсунбаев және өндірістік оқыту шебері Қ.Қобланов, арнайы пән оқытушысы Икрамов Сламуддин ағайлар марапатталды.

   2017  жылы ҚР білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің алғыс хатымен             М. Маемерова марапатталды.

   2018  жылы ҚР білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің Құрмет грамотасымен колледж оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Г. Садыкова марапатталды.     

   2019  жылы ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағанбетовтің Құрмет грамотасымен арнайы пән оқытушысы Аринов Тонгичбай марапатталды.

   2019  жылы ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағанбетовтің алғыс хатымен Р. Мирзахметова марапатталды.

  Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастырумен өткен «Worldskills Shymkent» аймақтық чемпионатында номинацияға ие  болды.

  ОҚО ТжКБ мекемелерінің білім алушылары арасында өткізілген "Жыл шебері -2017" аймақтық чемпионатында инновациялық жобалар бойынша жоғары деңгейлі шығармашылығымен танылып өндірістік оқыту шебері Мамбеталиев Абдімәлік Тұралыұлы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

   2018 жылы «Халық мұрасы-халық қазынасы-2018» атты қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесіне белсене қатысқаны үшін Өндірістік оқыту шебері Абжаппарова Құралай марапатталады. ТжКБ ұйымдарының арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында өткізілген «Үздік механизатор-2018» байқауында І-орын иегері өндірістік оқыту шебері Қобланов Қозыбағар марапатталды.

     2019 жылы «Worldskills TURKESTAN-2019» инновациялық жобалар көрмесінде колледж студенттері жасап шығарған «Электромобиль» көлігі бас жүлдені жеңіп алды.

    2019 жылы Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу мамандығы бойынша «Үздік сәнгер дефиле-2019» сайысында ІІ-орын иеленсе, Үздік тігінші-2019» байқауында арнайы пән оқытушысы Маемерова Малика  «креативті шебер» номинация иегері атанды.

    Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеушісі-слесарь  мамандығы бойынша «Ең үздік жас  механизатор-2019» облыстық байқауында ІІІ-курс студенті Сапар Маханбетәлі І-орын игері атанды.

   «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша «Үздік автомеханик-2019» байқауында ІІІ-курс студенті Анарбай Ерұлан белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

   Аспазшы мамандығы бойынша «Үздік аспазшы-2019» байқауына ІІІ-курс студенті Ргебаева Ұлжан белсене қатысқаны үшін марапатталды.

   «Worldskills TURKESTAN-2019» облыстық чемпионатында 2 курс студенті Жақсылық Бақдаулет Worldskills Turkestan байқауында Веб дизайн және әзірлемесі құзіреттілігі бойынша ІІ-орынды жеңіп алды.

 

Сіздердің колледждеріңіздегі спортпен айналысатын жүлделі орын алып жүргендерге студенттерге колледж тарапынан қандай қолдаулар жасалады?

Жауап: Спортпен айналысып жүлделі орын алған барлық студенттерге колледж тарапынан қолдаулар жасалып отырады және сабақтарына барлық пән оқытушылары жәрдем беріп отырады.

 

Колледждің миссиясы, міндеттері қандай?

Жауап: Миссия  - колледж жұмысының құрамдас бөлігі. Оның негізінде стратегиялық мақсаттар мен міндеттер айқындалады, барлық құрылымдық бөлімшелердің қызметі жоспарланып, болашақтағы даму бағыттары жасалады.

Колледж қызметінің мақсаты – колледж ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын үнемі жақсарту және еңбек нарығында оның жетекші орнын сақтау; қызметкерлер мен серіктестердің мүдделерін ескере отырып, білім беру қызметтерін тұтынушылардың қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыру.

Колледж алға қойылған мақсаттарды орындауда келесі қызмет түрлерін іске асырады:

1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру;

2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар білікті қызметкерлер мен мамандарды даярлауға, олардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;

3) экономиканың түрлі салалары үшін кадрларды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;

 

Міндеттері:

1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

2) білім алушылармен кәсіптік бағдар жұмысын қамтамасыз ету;

3) теориялық оқыту, өндірісте оқыту мен еңбек нарығының қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әрқайсысына білімге негізделген өзінің жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйелерін дамыту;

4) кәсіби білім берудің қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне уақтылы бейімделуіне ықпал ететін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану;

5) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және өндіріс бойынша білім беру бағдарламаларын ықпалдастыру.

Колледж Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген лицензия негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асырады.

 

Осы оқу жылында колледжде қандай іс-шаралар өткізіледі? Жауап:

1. « 30-тамыз Конституция күні. 1-қыркүйек Білім күні»

2. Бірыңғай сынып сағаты «Мен өз елімнің патриотымын»

3. Қазақстан Республикасы Халықтарының тілдері күні мерекесіне

   «Тіл ұлттың тірегі»

4. «Адамгершілік асыл қасиет» Қарттар күніне  арналған  іс-шаралар

5.1 курс арасында волейболдан жарыс

6. «Біз Жеңістің Ұрпақтарымыз» ҰОС ардагерлерін құттықтау

7.Тұңғыш Президент күніне арналған кіші футболдан 1 курс студенттері арасында Турнир

8.Акция: Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күні

9.Саяхаттар, мұражайлар

10.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Біздің Отанымыз –Қазақстаным» атты концерттік іс-шара

11.»Абайлаңыз!» ЖРВИ және тұмау тренингі!

12. «Кітап патшалығына саяхат « көрмесі

13. «Мақтанышым –Туған жер» тәрбие сағатын өткізу

14. «Сүйікті ана тілі «әдеби кеші»

15. «Тарихым-тамыр, тәуелсіздік – тұмарым» атты мәнерлеп оқу сайысы

16. «Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні» акциясы

17. «Жасөспірім түнгі қалада» профилактикалық рейд

18. Балаларды қорғау күніне арналған «Балалар – біздің болашағымыз» салтанатты жиын және флешмоб

19. ҚР символикасы, 1-3 курс студенттері арасында сурет сайысы

20. «1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні» салтанатты концерт

21.7 мамыр- «Отан қорғаушылар күні «жиыны

22. «Қыздарға әсемдік жарасады» Дөңгелек үстел

23. «8 наурыз-күн мен гүл мерекесі «мерекелік іс-шара

24.. 1-Наурыз «Алғыс айту күні» арналған спорттық  байқау

25.»Есірткісіз болашақ!» акциясы және басқалар.

26. Қазақстан халықтарының бірлігі күні;

27. «Ұстазым ұлағатым – үлгі өнегем» 

28. «Мамандық – өмір таңдауы» Пікірсайыс

29.»Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» флешмобы мен акциясы

30. «Жасай бер Жаса-Қазағым менің»

31. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

32. Колледж оқытушылары мен студенттері арасындағы денсаулық күні

33.Тұңғыш Президент күніне арналған  кітап көрмесі

34.»Тәуелсіздік-ел бақыты!» атты мерекелік іс-шара

35.»Абай оқулары»

36. «Біз жемқорлыққа қарсымыз « көрмесі

37. «Бір шаңырақ астында « суреттер байқауы

38. «Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым желтоқсан» пікірталас

39.»Үздік топ» зияткерлік марафоны»

40.Театрға саяхат

41.»Діни экстремизм – халықаралық терроризмнің ажырамас бөлігі» әңгімелесу»

42. «Ақпараттық тәрбие, мәдениетті қалыптастыру» және т.б. кітаптар көрмесі

 

Колледжге оқуға түсу үшін қандай құжаттар қажет?

Жауап: 1. 086 медициналық анықтама

               2. Аттестат

               3. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшіресі

               4. 3х4 сурет

 

Жауап: Алыстан қатынайтын стденттерді жатақханаға орналастыру қарастырылған. Колледжде   студентке арналған 120 орыннан екі ғимаратта 240 орындық жатақхана салынған, қазіргі таңда 120 студент жатақханада тұрады.

 

Колледж немесе тарихы туралы жалпы ақпарат бере аласыздар ма? Жауап: "№13  колледж" МКҚК мекемесі  Қаз ССР Министрігі Кеңесінің шешіміне сәйкес, халық депутаттары  Шымкент облыстық Кеңесі атқару комитетінің шешімімен 1961 жылдың 24 маусымында  Механизаторлар мамандарын дайындайтын №186 кәсіптік-училище болып Көгерту елді мекенінен ашылды.

1987 жылы №35 кәсіптік-техникалық училище болып өзгертілді.

1996 жылы 10 мамырда Оңтүстік Қазақстан облыстық білім департаментінің №495 бұйрығымен орта кәсіптік –техникалық училищеден №13 кәсіптік-техникалық мектеп болып өзгертілді.

2004 жылы №13 кәсіптік мектеп, 2008 жылы «№13 кәсіптік лицей» МКҚК болып қайта өзгертілді.

2013 жылдан бастап «№13 колледж» МКҚК аталып келеді.

Оқу корпусінің жалпы көлемі 10416 ш.м, шеберхана көлемі 1998 ш.м, жатақхана көлемі 2992 ш.м, тұрмыстық корпус көлемі 718,3 ш.м, орталық қазандық көлемі 267 ш.м, мәдениет үйінің алаңы -2542 ш.м және автокөлікте жаттығу алаңы (автодром) 8000 ш.м құрайды.

2019 жылдан бастап Козыбаев Жақсылық Ақылбекұлы колледж директоры болып ұжымды басқарып келеді.

Колледж 60 жыл бойы кәсіби-техникалық кадрларды даярлауда және  техникалық мамандықтарды таңдаған мектеп бітірушілердің басым бөлігі үшін тартымды болып табылады.

Колледждің білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті  Түркістан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті берген 2019 жылғы 21 ақпандағы № KZ24LAA00014222 білім беру қызметімен айналысуға берілген мемлекеттік лицензиясы және Түркістан облысы Әділет департаментінде тіркелген колледж Жарғысы негізінде жүргізіледі.

 

Колледжді бітіргеннен кейін студенттерді колледжде немесе басқа жұмыс орындарына орналастыру сіздер тарапынан (үлестеріңіз қандай) қарастырылған ба?

Жауап: Колледжді бітіруші студенттерге ең алдымен әр жылы жұмыспен қамту орталығының мамандарын шақырып және жұмыс беруші өкілдермен кездесіп бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Бітіруші түлектерді «Жұмыспен қамту орталығына» жұмыссыз ретінде тіркеп, содан соң «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында мекемелерге орналастыруға көмек беріледі, және де жұмыс берушілермен отырған келісім шарттар негізінде жұмысқа орналастырылады. Сонымен қатар колледжді жақсы бітірген студенттерді жұмысқа алып қалуға тырысамыз.


Құрметті мектеп бітірушілер, талапкерлер және ата-аналар!!! 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы №578 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, тұлғалардың өтініштері бойынша қабылдауды "№13 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 25-маусымнан бастап, egov порталы және College SmartNation ақпараттық жүйесі, тікелей колледжге келу арқылы құжаттар қабылданатынын еске саламыз. Жаңа 2021-2022 оқу жылына талапкерлерді оқуға қабылдаудың жаңа форматта өткізілетінін ескере отырып, талапкерлер мен олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері үшін ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жандандыру мақсатында №13 колледждің www.keleskolledj.kz сайтында және Abai Kolledj Keles Aýdany әлеуметтік парақшасында https://www.instagram.com/abaikolledj/?hl=ru Instagram желісінде және https://www.youtube.com/.../UCys5NTMM.../featured youtube каналында қабылдау науқанын жүргізу бойынша еgov порталы және College SmartNation ақпараттық жүйесінің нұсқаулықтары, инфографикалары мен видеороликтер орналасқанын ескертеміз. "№13 колледж" МКҚК www.keleskolledj.kz сайтының виртуалды қабылдау комиссиясы, call-орталықтың, колледж директорының блогы, виртуалды ассистент жұмыс жасап жатқанын және оқуға қабылдау бойынша кез-келген сұрақтарға жауап беруге дайын екенін айтқымыз келеді.


Колледж тарихы

1961 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы совхозының «Көгерту» елді-мекенінде №186 кәсіптік техникалық училищесі болып ашылған.


Толығырақ