Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
«Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасы» «№13 колледж» МКҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты.

1. Жалпы ережелер

1. Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт (бұдан әрі – Стандарт) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңның 10 бабына сәйкес білім саласындағы қоғамдық қатынастардағы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет тәртібін белгілеу мақсатында «№13 колледж» МКҚК мекемесімен әзірленді.

2. Стандартты әзірлеудің міндеттері білім саласында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің жемқорлыққа қарсы тұрақты тәртібін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың тигізетін теріс әсерлерін алдын алу болып табылады.

3. Стандарттың мақсаттары:

1) заңдылық;

2) ашықтық;

3) әдептілік;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;

5) мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады.

2. Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін тұлғалардың мінез-құлқы (іс-әрекеті) ережелері.

2.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта қозғалатын саладағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру кезінде:

1) заңда белгiленген тәртiппен әрi мерзiмінде жеке және заңды тұлғалардан өтiнiштер қабылдауға және оларды қарауға;

2)мүдделер қақтығысы туындауының кез-келген ықтимал жағдайларына жол бермеу жөнінде шаралар алу;

3) жеке және заңды тұлғалардың өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына кедергі келтіретін әрекеттерге жол бермеу;

4) өзінің лауазымдық  өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерін жеке мүліктік және мүліктік емес игіліктер алу үшін пайдаланбау;

5) жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күш-жігерін салу, қойылған міндеттерді шешу үшін оңтайлы, ұтымды және өзге де жетік тәсілдерді қолдану;

6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде қызметтік бабын асыра пайдалануға, заңсыз төрешілдік, сондай-ақ дөрекілік көріністеріне жол бермеу;

7) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету;

8) әріптестерінен жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті сақтауды талап ету және қолдау.

2.2. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде

1)   Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

2) құпиялылықты сақтау, қызметтік және мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету;

3) кәсіби (қызметтік) әдепті сақтау;

4) басқа тұлғалардың оны сыбайлас құқық бұзушылық жасауға итермелеу жағдайлары туралы жазбаша түрде басқарма басшысына, уәкілетті мемлекеттік органдарға дереу хабарлау;

5) қызмет тәртібін бұлжытпай сақтау, берілген өкілеттіктерді тиімді қолдану, өзінің лауазымдық міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқару, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану;

6)  қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;

7) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де тұлғалардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік бабын пайдаланбау;

8) үшінші тұлғалардың мүдделерін білдіруден немесе қолдаудан, сондай-ақ олардың атынан іс-қимылдар жасаудан аулақ болу;

9) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуды жүзеге асырмау;

10) әріптестері мен басшыларға өзара қарым-қатынастың белгіленген тәртібін бұзатын (олардың бейтарап қызметтік шешім қабылдауына ықпал ететін) өтінімдер жасаудан аулақ болу.

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдамауға

12)  шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға

2.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:

1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жеке кәсіперлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестігіне және Қазақстан Республикасының кәсіпкерлер палатасына сараптамалық қорытынды алу үшін міндетті түрде түсіндірме жазбасымен бірге, соның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен әрбір келесі келіскен кезде жолдау;

2)  жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, оларды сараптау кеңесі отырысында қарағанға дейін, интернет-ресурстарды қоса, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялау.

2.4. Қызмет саласының ерекшелігіне қарай туындайтын өзге де қарым-қатынастар кезінде:

1) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, олар бойынша қажетті шаралар алу;

2) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау

2) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмау, сынағаны үшін қудалауға жол бермеу, әдепсіздік, орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеу;

3)  басшылардың тапсырмаларын орындау кезінде тек объективті және шынайы мәліметтерді ұсыну;

4)  мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, меншікті ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалану;

5) ұжымда  іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға

6) өзіне мәлім болған сыбайлас құқық бұзушылықтар туралы басқарма басшысына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға дереу хабарлау.

3.  Өзге де шектеулер мен тыйымдар:

1) Конституцияны және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнама талаптарын сақтау;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді  сақтау;

3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау;

4) Басқарма басшысының лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарған бұйрықтарын орындау;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерін орындауына байланысты әріптестерге, басшыларға және өзге де лауазымды тұлғаларға сыйлықтар тарту етпеу ;

6)  басқа тұлғаларды сыбайлас құқық бұзушылық жасауға итермелемеу;

7) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында, ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбауға;

 

«№13 колледж» МКҚК-ның педагог қызметкерінің Ар-намыс Кодексi

Жалпы ережелер

Колледждің педагог қызметкерінің осы Ар-намыс кодексi (бұдан әрi – Кодекс) Қазақстан Республикасының Конституциясына,  «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi № 319 Заңына, «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексi» Қазақстан Республикасының Кодексiне 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңына,«Педагогикалық әдеп қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң м.а. 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына және  білім мен тәрбиеге қатысты  барлық нормативті-құқықтық актілерге жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларына сәйкес педагог қызметкердің  моральдық-әдептiлiк бейнесiне қойылатын негізгі қағидаттарды, нормаларды сондай-ақ олардың мiнез-құлқының негiзгi стандарттарын анықтайды.

Педагог қызметкерлер қатарына колледж директоры, директордың тәрбие, оқу, оқу-әдістемелік, оқу-өндірістік, ақпараттық ісі жөніндегі орынбасарлары, оқытушылар, бөлім меңгерушілері, әдіскерлер т.б. ҚР Үкіметі бекіткен Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесіндегі қызметкерлер жатады.

Колледжде бiлiм алушыларды оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады.. (Білім туралы заңының 50-бабы) Педагог қызметкерлер азаматтық қызметшілер болып табылады.

Азаматтық қызмет – азаматтық қызметшiлердiң қазыналық кәсiпорындардың, мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға, мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыруға және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкiлеттiктердi орындау жөнiндегi кәсiптiк қызметi.

Азаматтық қызметшi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қазыналық кәсiпорындарда, мемлекеттiк мекемелерде ақы төленетiн штаттық лауазымды атқаратын және олардың мiндеттерi мен функцияларын iске асыру, мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыру мен олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыратын адам.

Кодекс бiлiм алушылар мен ата-аналардың колледжге сенiмiн нығайтуға, педагогтік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетiн қалыптастыруға және педагог қызметкерлердің әдепсiз мiнез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Директордың орынбасарлары мен бөлім меңгерушілері осы Кодекс талаптарының орындалуын, осы Кодекстiң мәтiнiн оқу ғимараттарында баршаға көрiнетiндей жерде орналастыруды және педагог қызметкерлер осы кодекс қабылданған кейін 3 күн ішінде жазбаша танысуын қамтамасыз етедi. Жаңадан жұмысқа тұратын қызметкерлерді  мамандар бөлімі осы кодекспен таныстыруы тиіс.

 

СТУДЕНТТІҢ АР-НАМЫС КОДЕКСІ

 

1.1 Негізгі анықтамалар мен түсініктер

Студент – колледж  оқу орнының білім алушысы.

Намыс – жеке азаматтың адалдық, турашылдық, әділдік, шыншылдық сияқты жеке қасиеттерін бағалаумен байланысты кешендің моралдық-этикалық және әлеуметтік түсінік.

Интеллектуал – интелекті жоғары дамыған тұлға.

Миссия – жауапты  тапсырма, рөл, жүктеме.

 

1.2 Негізгі ережелер

Білім алу үшін өзіміз таңдаған жоғары оқу орынының, атап айтқанда «Болашақ» медицәина колледжің құрметтей отырып, оқу орнының Жарғысының негізгі ережелерін бұлжытпай орындауға міндеттенеміз. Колледж оқу орны студенттерінің отанымыз Қазақстан Республикасының интеллектуалды потенциалы екендігін және ата-бабаларымыздың жасап кеткен істерін ары қарай жалғастыруымыздың, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев тарапынан көрсетілген және белгіленген ұзақ мерзімді бағдарламаларды іске асыруымыздың керек екендігін түсіне отырып, біз өзімізге келесі міндеттемелерді қабылдаймыз:

● оқуға - біздің негізгі міндетімізге - жауапкершілікпен қарау;

● сапалы білім алуға ұмтылу, өзіміз таңдаған мамандық бойынша қажетті білімдер мен дағдыларды, қасиеттерді меңгеру;

● ата-бабамыздың рухани және мәдени мұраларын меңгеру, себебі, өткенді білмей болашаққа бару мүмкін емес;

● өз отанымыз Қазақстан Республикасын сүюді үйрену, оның саналы азаматы болуға ұмтылу және отанымыздың бізге деген нық сенімін тудыру;

● өз денсаулығымызды сақтау мен оны нығайту, себебі, біздің әрқайсымыздың физикалық және рухани жағдайымыздың келешек ұрпақтың денсаулығына, Отанымыздың қуаты мен байлығына, өсіп өркендеуіне, аға ұрпақтың дұрыс қаматамасыз етілуіне әсер ететіндігін дұрыс түсінеміз.

Жоғарыда атап өтілгендерді ескере отырып, біз осы Кодекс аясында студенттерге жүктелген міндеттемелер мен құқықтарымен толық келісеміз:

1. Мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес  білім алу;

2. Келісім-шарттар бойынша қосымша білім беру қызметтерін алу;

3.Өзінің адамгершілік қасиеттерін сақтауға, ар намыс еркіндігіне, өзінің жеке пікірлері мен түсініктерін еркін баяндауға;

4. Колледждің барлық мәселелері бойынша талқылауға, соның ішінде қоғамдық студенттік ұйымдар мен колледждің  басқару органдары арқылы, қатысуға;

5. Колледждің кітапханалары мен ақпараттық орталықтарының, электрондық ресурстар орталықтарының қызметтерін, емдеу мекемелерінің қызметтерін және басқа да қызметтерді тегін пайдалануға;

6. Барлық түрдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конференциялар мен семинарларға, мәжілістер мен конкурстарға қатысу мүмкіндігін пайдалануға;

7. Оқытушылардың сабақ өту сапасы мен тәсілдері туралы өз пікірлерін, сонымен қатар оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарын ашық айтуға;

8. Студенттік өзін -өзі басқару органдарын және студенттік қоғамдық ұйымдарды құруға;

9.  Колледж қабырғасында, тәрбие жұмыстары мен студенттердің демалысын ұйымдастыру шеңберіндегі шараларға еркін қатысуға;

10. Оқу жоспарларында, оқу процесінің кестесінде қарастырылған барлық міндетті тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауға және тапсыруға;

11. Өздерінің мәдени және рухани деңгейлерін көтеруге, өздері оқитын колледждің  мәртебесін арттыруға;

12. Жеке азаматтардың ар-намыстарын құрметтеуге, ЖОО оқытушылары мен студенттердің жеке пікірлерімен санасуға;

13. Колледждің мүлкін қорғауға, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, жатахқаналарда тұру ережелерін сақтауға;

14. Студенттердің өз қылықтары мен қимылдарына өздерінің жауап бере алатындықтарын ескере отырып, өздерінің қимыл әрекеттерінен бөтендерге зәбір көрсету, оларға күш көрсету, өзгені құрметтемеу, сыйламау, басқалардың мүлкі мен заттарын ұрлау сияқты іс-әрекеттерді (соның ішінде дөрекі сөйлеу мен қимылдау, айқайлау, түкіру және т.с.с.) болдырмау;

15. Студенттердің академиялық ар намысы мен абыройын сақтау, төмендегілерге жол бермеу:

● академиялық жұмыстарды орындау мен аралық немесе қорытынды бақылау барысында өзіне көмектесу мен басқа біреуге көмектесу мақсатында мәліметтер алуды, көшіру, заңсыз материалдарды пайдалану сияқты заңсыз әрекеттеріне бармау;

● бөгде біреулердің идеялары мен ойларын ұрлау немесе оларды өзінің жұмыстарының нәтижелері ретінде көрсету немесе пайдалану;

● тәртіп бұзудың басқа да заңсыз әрекеттеріне бармау: құжаттар мен мәліметтерді қолдан жасау, жалған сөйлеу, көшіру, мәліметтерді (соның ішінде компьютерлік) рұқсатсыз, өзгерту немесе пайдалану;

● өздеріне жүктелген міндеттерді орындай отырып, өздеріне берілген құқықтар шеңберінде студенттер марапатталуы мүмкін. Ол үшін колледжде марапаттаудың әртүрлі формалары мен түрлері болуы мүмкін;

● өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін студенттерге әртүрлі шаралар да қолданылуы мүмкін: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, колледж Жарғысын орындамағаны үшін оқудан  шығару

 

«№13 колледж» МКҚК бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1) Осы ереже «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға  қарсы әрекет ету жөніндегі стратегиясын» іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді.

2.Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі қалалық комиссия  (әрі қарай - Комиссия) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ететін консультативтік-кеңес органы болып табылады.

3. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сол сияқты осы Ережені басшылыққа алады.

1) Комиссияның негізгі міндеттері мен құқықтары

4. Комиссияның негізгі міндеттері болып табылады:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы жұмыс пен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға  қарсы әрекет ету жөніндегі стратегиясын іске асыру барысын талдау, орындалатын іс-шаралардың нәтижелілігін бағалау;

2) жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік органдар, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, басқа да ұйымдар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша жоспарлы, жүйелі және мақсатты бағытталған шараларды қабылдау;

3) жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, басқа да ұйымдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары профилактикасын жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары профилактикасы бойынша оның жұмыс тобымен өзара іс-әрекет ету;

5) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия мен оның жұмыс тобына сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа түрлері мен тәсілдерін енгізу;

6)сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік саясат туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасы жөнінде тұрғындарды тұрақты түрде хабардар ету;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдармен бірлесе іс-әрекет ету.

5. Комиссия өзінің құзыреті шегінде құқылы:

1)жергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, басқа да ұйымдардың  басшыларын және басқа тұлғаларды шақыруға және Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тыңдауға;

2)сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының профилактикасына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыруға қатысты мәселелер бойынша уақытша және тұрақты жұмыс істейтін сараптамалық және жұмыс топтарын ұйымдастыруға;

3)мемлекеттік органдарға, басқа да ұйымдарғасыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары профилактикасы бойынша ұсынымдар мен шаралар қабылдауға ұсыныстар енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру, сол сияқты Комиссияның құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге.

3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

6. Комиссия қала әкімдігінің қаулысымен құрылады.

7. Комиссия төраға мен Комиссияның басқа мүшелерінен тұрады.

Комиссияның жұмысшы органының өкілі немесе қала әкімі белгілеген басқа тұлға Комиссияның хатшысы болып табылады.

8. Комиссияның дербес құрамы қалалық мәслихат сессиясының шешімімен бекітіледі.

9. Комиссияның құрамыжергілікті бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшыларынан, мәслихат депутаттарынан, басқа да лауазымды тұлғалардан жасақталады. Комиссияның құрамына басқа да ұйымдардың, бизнестің, қоғам мен ақпарат құралдарының өкілдері енгізілуі мүмкін.

10. Комиссияны қала әкімі басқарады.

11. Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін, сол сияқты оның өтетін орнын, уақыты мен мерзімін Комиссияның төрағасы белгілейді.

12. Комиссияның отырыстары:

1) қажетіне қарай, бірақ кем дегенде тоқсанына бір рет өткізіледі;

2) егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кем дегенде үштен екі бөлігі қатсқан жағдайда, заңды болып саналады;

3) ашық түрде өткізіледі. Қажет болған жағдайда, егер қарастыратын мәселелерде мемлекеттік құпиялар болса, Комиссия төрағасының шешімі бойынша жабық түрде де өткізіледі.

Комиссияның мүшелері отырыстарға ауыстырусыз өздері қатысады.

13. Комиссияның отырысынамүдделі тұлғалар, бизнес пен қоғам, ақпарат құралдары өкілдері, басқа да тұлғалар шақырыла алынады.

14. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының көбісі дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.

15. Комиссияның мүшелері ерекше пікірге құқылы, оны білдірген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуі керек.

16. Комиссия отырысын өткізудің нәтижелері бойынша хаттама жасалады, оған  Комиссия төрағасы мен хатшысы қол қояды.

17. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.

18. Комиссия төрағасы:

1) Комиссияның жұмысын басқарады;

2) оның отырыстарында төрағалық етеді;

3) сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерін қарастыруға байланысты мемлекеттік органдар коллегияларының отырыстарына қатысуға құқылы.

19. Комиссия төрағасы болмаған кезде оның міндеттерін Комиссия төрағасының орынбасары атқарады.

20. Комиссия хатшысы:

1) Комиссияның мүшелерін Комиссия отырысының уақыты мен өтетін жері туралы хабардар етеді;

2) Комиссия отырысының хаттамаларын ресімдейді;

3) Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа да функцияларды жүзеге асырады.

21. «№13 колледж» МКҚК Комиссияның жұмысшы органы болып табылады.

22. Комиссияның жұмысшы органы:

1) Комиссия отырысының материалдарын дайындауды ұйымдастырады;

2) Комиссия шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады және бақылайды.

23. Комиссияның жұмысын тоқтату

1) Комиссияның жұмысын тоқтату туралы қала әкімдігінің қаулысы Комиссияның жұмысын тоқтатуға негіз болады.

 

Студенттер және ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жазбаша түрде өтініштерін қарауға арналған «сенім жәшігінің» ережесі

 

І. Жалпы ережесі

Осы ереже оқушылардың және ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарайтын «сенім жәшігінің» жұмысын реттейді.

«Сенім жәшігі» колледждің І қабытының фойесінде орналасқан.

Осы ереже педагогтардың оқушылар мен ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалармен тығыз байланыста болу мақсатында жасалған.

Өтініш өтініш берушінің аты-жөнімен, барлық байланыс телефондарымен жазылу мүмкін, сонымен қатар жасырын түрде де болады.

ІІ. Негізгі міндеттері

2.1. «Сенім жәшігі» жұмысының негізгі міндеттері:

1) оқушының құқығы бойынша берілген өтініштерін жедел түрде тіркеу және қарау, сонымен қатар мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жүргізілуіне ұсыныс білдіру.

2) өтініштерді қарау ҚР заңнамасына сай шараларды қабылдау;

3) сенім жәшігініе келіп түскен өтініштерді талдау, өтініштегі мәселені болдырмау мақсатында шаралар қолдану;

4) оқушының мәселесін жедел түрде шешіп, қарастыру.

ІІІ. «Сенім жәшігі» жұмысын ұйымдастыру тәртібі

3.1. Сенім жәшігінің жұмыс уақыты ақпараттық қабырғаға ілінеді, сонымен қатар мектептің сайтында жарияланады және әрбір оқушыға «сенім жәшігі» туралы ақпарат беріледі.

3.2. Сенім жәшігіне өтініш беру жұмыс күндері сағат 08.00.-17.00.дейін жүргізіледі.

3.3. Өтініштерді күнделікті әлеуметтік педагог сағат 17.00.-де алады.

3.4 Әлеуметтік педагог өтініштерді алып педагог-психологпен, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен бірге қарастырады.

3.5. Өтініш 5 күнде қарастырылады.

ІV. Өтініштерді қарау

4.1. Келіп түскен өтініштерді, ұқсас өтініштермен қосып қарастырады.

4.2. Қарастырылған өтініштер кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және оладың ісі жөніндегі комиссияға қарауға жіберіледі.

4.3. Комиссия қажет болған жағдайда алдын-алу органының маманын жұмысқа тартады.

V. Жауапкершілік

5.1. «Сенім жәшігіне» келіп түскен ақпараттармен жұмыс істейтін жауапты тұлғалар өтініштердің құпия түрде сақталуына жауапты.

Колледж тарихы

1961 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы совхозының «Көгерту» елді-мекенінде №186 кәсіптік техникалық училищесі болып ашылған.


Толығырақ