Жарияланған 25 June 2022

2022-2023 жаңа оқу жылына №13 КОЛЛЕДЖГЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ....

25-маусымнан бастап, College SmartNation ақпараттық жүйесі немесе тікелей колледжге келу арқылы құжаттар қабылдануда.

25-маусымнан бастап, College SmartNation ақпараттық жүйесі немесе тікелей колледжге келу арқылы құжаттар қабылдануда.

Талапкерлерге ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау үрдісі автоматтандырылды. Құжаттар Egov.kz электронды үкімет порталы немесе College SmartNation ақпараттық жүйесі арқылы қабылданып жатыр. Сондай-ақ қабылдау колледжге келіп, дәстүрлі қағаз форматында да жүзеге асырылды.

Талапкерлер бірден 4 мамандықты таңдап, еліміздің 4 колледжіне құжат тапсыра алады. 2021 жылы білім берудің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін министрлік «ақша студенттің соңынан жүреді» қағидаты бойынша мемлекеттік тапсырыстарды бөлудің жаңа механизмін енгізді. Бұған дейін гранттарды колледждер арасында білім басқармалары орналастырып келсе, енді мемлекеттік тапсырыс талапкерлердің таңдауы бойынша бөлінеді. Яғни түлек қайда оқуға түскісі келсе, бюджет ақшасы сол жерге жіберіледі.

Сондай-ақ колледжде, жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кәсіпорындардың сұранысы бойынша кадрларды мақсатты даярлау орындары бар. Яғни қазірдің өзінде балалардың жұмысқа орналасуына кепілдік беріледі. Бұл еңбек нарығының сұранысына сай мамандарды шығаруға және оларды даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік тапсырысты орналастырудағы ашықтық барлығына техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етеді және колледждер арасындағы бәсекелестікті арттырады».

Жұмысшы мамандығын алғысы келетін жалпы орта, негізгі мектеп түлектері колледжге әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады. Олар egov порталы, College SmartNation ақпараттық жүйесі арқылы онлайн өтініш бере алады немесе құжаттарды тікелей колледжге тапсыра алады.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша 9-сынып талапкерлері арасындағы конкурс 19-22 тамыз аралығында өтеді. Ал 11-сынып және колледж түлектері арасындағы байқау 22-25 тамыз аралығында өтеді.

#Keles_audany_Abaikolledj_13kolledjdi_tanda