Қазіргі кезде біздер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Білім алуға жастар үшін мүмкіндік мол. Көңілді мерекелерді асыға күтеміз. Барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің еліміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі биылғы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерекесі. Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін. Бүгін №13 колледжде «Отаным, елім-Қазақстан!» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті. Мақсаты жастардың бойына Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Студенттерге патриоттық тәрбие беру, отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Мерекелік іс шараны директордың міндетін атқарушы Турсунбаев Ержан Нұрманұлы ашып беріп, «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» мерекесіне орай техникалық кәсіптік білім беру саласында талмай еңбек етіп, нәтижеге жеткен педагогтарды марапаттады.
Жастар өздерінің бойындағы мақтаныш сезімдерін әнмен әуелетіп, бишілеріміз мың бұралған биімен көрермен көзайымына айналды. Мерекелік шара соңында оқытушылар шәкірттерімен естелік суретке түсті.