Жарияланған 14 February 2022

№13 КОЛЛЕДЖДЕ “ОҚУҒА ҚҰШТАР – МЕКТЕП, ОҚУҒА ҚҰШТАР – ЕЛ” ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Кітап –білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзіе кенін түсінесің.

Халықтың осындай жан азығынан, рухани байлықтан қол үзіп бара жатқандықтан, мемлекет тарапынан дабыл қағылып жатыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: “Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн”, – деп әр тұлға оқуға тиіс деп санайтын отыз таңдаулы кітаптың тізімін ұсынған болатын. Қазір осы бағытта маңызды бағдарламалар жасалуда. Адамзат ақыл-ойының жиынтығы- кітапта болса, білім – соны сақтайтын қазыналы сандық. Сол сандықтағы байлықты қалай алуға болады? Кітап әлеміне баланы қалай енгізуге болады? Әрине, бұған “Оқуға құштар – мектеп, оқуға құштар – ел” жобасы көмекке келеді. №13 колледж білімалушылары осы бағыттағы түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Жаңа форматтағы алаңда мазмұнды, мағыналы жұмыстарымен бөлісті. Әр бас қосуда «Ұжымдық оқу», TEDx конференциялары ұйымдастырылып, Келес аудандық орталық кітапхана оқырмандары арасында жүзеге асып отырды. №13 колледж оқу залында «Буккроссинг көрмесі» үздіксіз ұйымдастырылып отырды. Жүргізілген жұмыстарды саралай келе, бағдарламаны жүзеге асыруда белгілі бір буында ғана емес, І-ІІ курстар да арасында жүргізудің қажеттілігіне көз жеткіздік.