Кәсіптік білім беру жүйесі – қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші рөль атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Жастарға кәсіптік-техникалық білім беру, нарық қатынасын орнықтыру, шағын және орта бизнесті дамыту, бәсекелестікке төтеп бере алатын, жан-жақты іскер жұмысшы мамандарын даярлау - бүгінгі күн талабы.
Осы қағидаларды орындауда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бірі – киелі Келес өңірінде орналасқан №13 колледжі. Аудан жастарына сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, ел экономикасына өзіндік үлес қосуға қабілетті, ісіне адал, білікті кадрларды дайындауда мекеме ұжымы аянбай еңбек етуде. 1961 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы совхозының «Көгерту» елді-мекенінде №186 кәсіптік техникалық училищесі болып ашылған мекеме 1988 жылы Келес ауданының орталығы Абай ауылына көшірілді. 2013 жылдың қаңтар айында білім ошағының атауы «№13 колледж» МКҚК болып өзгертіліп, сыйымдылығы 725-ден астам орынды қамтиды. Қазіргі таңда, колледж заман талабына сай ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жабдықталып, соңғы үлгідегі компьютерлер, мултимедиялық подиум, интербелсенді тақталар жоғары жылдамдықтағы ғаламтор желісімен қосылған. Сондай-ақ, оқу орнында 4 тігін кабинеттері, компьютерлі кестелеу машиналары, Шет тоқитын тігін машинасы, «Janome» электрлі тігін машиналары, жеңіл және орташа материалдарға арналған жоғары жылдамдықтағы «Typical» әмбебап машиналарымен толығып, ауыл шаруашылық саласына сай барлық құралдар, автомобиль кластары, техникалық күтім, жолда жүру ережесі, газ бен электр дәнекерлеуші кабинеттерімен қамтамасыз етілген. Жалпы мекемеде 30 оқу кабинеті, 3-зетхана, 4 шеберхана, 1 автодром, 5 компьютерлік сынып, 151 орынды жатақхана, 240 орынды асхана, спорт зал және мәдениет үйімен бірге, жүк әрі адам тасымалдайтын газель автокөліктері, ЛТЗ-60, МТЗ-80, МТЗ-80,1 тракторлары студенттердің игілігі үшін қызмет етіп келеді. Бүгінде, колледжде 578-ден астам оқушы 6 мамандықтың 13 біліктілігі бойынша білім алуда. «13 колледж» МКҚК өңірдегі сұранысқа ие кәсіптік техникалық оқу орындарының бірі, оның мақсаты - еңбек нарығында сұранысқа ие, кәсіби қызметке, мансаптық өсуге және тұрақты сапалы өмірге дайын жұмысшы мамандарды даярлауда. 2021 жылы 9 және 11 сыныпты бітірушілер үшін мемлекеттік тапсырыс (грант) бойынша 2021– 2022 оқу жылына мына мамандықтар бойынша талапкерлерді оқуға шақырады! 07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру 3W07161603 Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі 3W07161601 Жөндеуші-слесарь 07161300 Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету жөндеу және пайдалану 3W07161301 Автомобиль жөндеу слесарі, 3W07161303 Автомобиль көлігін жөндеу шебері, 3W07161302 Автомобиль электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик 06120100 Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша) 3W06120101 Компьютерлік аппараттық қамтамасыз ету операторы 07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) 3W07150501 Электргазымен дәнекерлеуші 07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу 3W07230102 Арнайы тігінші, 3W07230101 Тігінші 10130300 Тамақтандыруды ұйымдастыру 3W10130302 Аспазшы, 3W10130301 Кондитер-безендіруші 10130200 Тамақтану саласында қызмет көрсетуді ұйымдастыру. 3W10130201 Даяшы біліктіліктерін меңгертіп, бәсекеге барынша қабілетті мамандар дайындауды қолға алған. Сонымен қатар, колледж ұжымы «Абай автобус паркі», «Аззие», Бейімбет-Әжі», «Жаңа қоныс» және «Арна и К» ЖШС-лары, «Ауес» ӨК, «Бердикулова М» ЖК, «Келес» ТК мекемелерімен келісім шартқа қол қойса, олар өз кезегінде білім алушылардың оқу-тәжірибелік, зертханалық жұмыстарын кәсіпорын базасында өткізуге ықпал етіп, түлектерді толық жұмыспен қамтуға кепілдік берген. Айта кету керек, көрші Өзбекстан Республиксымен әлеуметтік-әріптестік байланысы орнатылып, аспазшы саласы бойынша «Ташкент құрылыс және ұлттық кәсіптік қолөнер» колледжімен студенттер арасында іс-тәжірибе алмасып, шеберлік сабақтары өткізілді. Оқу орнының қабырғасында «Қайырымды жүрек – жомарт қол» сияқты қайырымдылық акциясы студенттердің санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыра отырып, жастарды кішіпейілдікке, бауырмалдыққа баулу мақсатында ұйымдастырылып отырады. Шарадан жиналған қаражат күнкөрісі төмен көпбалалы әрі тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан немесе басқа санаттағы көмекке мұқтаж балаларға үлестіріледі. Сондай-ақ, білім ошағында жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Жырлаймын мен колледжде» атты жас ақындар мен қаламгерлер мүшәйрасы өткізіліп, жас жеткіншектердің қабілеттері шындалды деуге болады. Ордалы оқу орнының жетістіктеріне келетін болсақ, ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына арналған Сарыағаш ауданы әкімшілігінің қолдауымен өткен «Үздік колледж-2018» жиынында білім беру ұйымы «Үздік колледж» алғыс хатымен марапатталса, инновациялық жобалар көрмесінде аталмыш мекеме бас жүлдеге ие болды. Ал, «WORLDSKILLS TURKESTAN-2019» облыстық чемпионаты аясында ұйымдастырылған «Жыл шебері-2019» инновациялық жобалар көрмесінде озық жобаларымен өндірістік оқыту шебері Қуаныш Рустемов пен шәкірті Бекзат Түймебай «Ретро электромобиль-13» автокөлігі бас жүлдені иеленсе, Кентау қаласында өткен «Веб дизайн және әзірлемесі» құзіреттілігі бойынша Р.Мирзахметова жетекшілік еткен Бағдаулет Жақсылық есімді студент ІІ орынға табан тіреді. Сондай-ақ, Сарыағаш ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен өткізілген «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты Абай оқуларында «Дәнекерлеу ісі» мамандығының №06 топ студенті Қ.Нартбаев алғыс хатты еншілесе, байқаудың екінші кезеңінде ІІІ орнымен оқытушыларын қуантты. Сонымен бірге, І-ІІ курстар арасында өткен «Жылдың ең үздік тобы-2019» байқауында №06 топ «Дәнекерлеу ісі» мамандығының ІІ курс студенті Нартбаев Құдияр ІІІ орынды жеңіп алса, «Фермер шаруашылығы» бойынша №02 топтың ІІ курс студенті Хайрат Битөре ІІ орынды иеленіп, №89 «Тігінші» тобының студенті Жүзбаева Жанель І орынмен мекеме мерейін асырды. «WORLDSKILLS TURKESTAN-2019» облыстық чемпионаты аясында ұйымдастырылған байқауда «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларды жөндеушісі слесарь» құзіреттілігі бойынша Рустам Бейбарс Махамадұлы мен «Желілік және жүйелік әкімшілік» құзіреттілігінен Қурбанов Исмайл Илхамжанұлы, «Шанақ жұмыстары» бойынша Бакир Төребек Серікұлы медальонға ие болса, «Инженерлік графика CAD» бойынша Оңғар Мейіржан Турлыбекұлы және «Дәнекерлеу ісі» құзіреттілігінен Кеңесов Серік Біржанұлы ІІІ-орынға табан тіреді. Және де, «Түркістан ART Fest» атты байқауда колледждің жас маманы Ж.Нысанова жүлделі ІІ орын иегері атанса, облыстық әдістемелік орталықтың ұйымдастырыумен Кентау қаласында Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтарының арасында өткен «Үздік колледж оқытушысы-2019» облыстық байқауында «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша арнайы пән оқытушысы М.Аденбеков ІІ орын, «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларды жөндеушісі слесарь» бойынша С.Ходжагельдиев ІІІ орын, ІТ саласының арнайы пән оқытушысы Г.Зульпухарова ІІІ орынға ие болып, арнайы дипломдармен мараптталған. Ал, облыстық «Үздік сәнгер дефиле-2019» сайысында колледж қыздары ІІ-орынға ие болса, арнайы пән оқытушысы Малика Маемерова «Үздік тігінші-2019» байқауында «Креативті шебер» номинациясының иегері атанды. Сондай-ақ, «Ең үздік жас механизатор-2019» облыстық байқауында ІІІ курс студенті Маханбетәлі Сапар І орынды қанжығасына байласа, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында өткізілген «Үздік механизатор-2018» сайысында өндірістік оқыту шебері Қ.Қобланов І орынды иеленген. Тағы бір ерекше айта кететін жетістігі Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының қаржы-экономикалық көрсеткіштері бойынша саралау нәтижесінде, мемлекеттік кәсіпорындары арасындағы алтын рейтинг «Гордость Образования-2018» атағымен мараптталды. Еңбек жолында көптеген игі істерге қол жеткізгені – колледж басшысы, педагог мамандар мен студенттердің қызығушылықтары мен ерен еңбектерінің нәтижесі. Тәжірибелі ұстаз, білікті маман Жақсылық Ақылбекұлы басқарып отырған бұл білім ордасының алар белестері әлі алда екеніне сенімдіміз. Білім алушылар шәкірт ақымен, түскі ыстық тамақпен, жатақханада тұратындар үш мезгіл ыстық тамақ қамтамасыз етіледі. Көлледжге қабылданған студенттерге мемлекеттік сынақты жақсы немесе үздік тапсырғандарға шәкіртақы \степендия\, тоқсан сайын жолақы төленеді. Жақсы оқыған студентерге ай сайын 21.787 теңге көлемінде, үздік оқыған студентерге ай сайын 24.301 теңге көлемінде төленеді Оқу қазақ тілінде жүргізіледі. Бітірушілерге орта білімі және мамандығы туралы диплом, кәсіби куәлік және сертификат беріледі. Қажетті құжаттар: 1.Өтініш / директордың атына/; 2.Аттестат, куәлік /мектеп бітіргені туралы/; 3.Туу туралы куәлік (көшірмесі); 4.Мед. анықтама У 086; 5.Сурет 3х4 – 4 дана; 6. Мекен-жай анықтамасы. Мекен – жайымыз: Түркістан облысы. Келес ауданы. Абай ауылы. Т.Рысқұлов көшесі 105 үй. Байланыс сымтетігі: 8 725 32 3-01-16