Колледж миссиясы:

- Білім деңгейі жоғары, кәсіби шеберлігі бар, өзінің жеке стратегиясын құра алатын, бәсекеге қабілетті, ұлттық рухты бойына сіңірген жұмысшы мамандарды дайындау.

- Жастарға кәсіптік-техникалық білім беру, нарық қатынасын орнықтыру, шағын және орта бизнесті дамыту, бәсекелестікке төтеп бере алатын, жан-жақты іскер жұмысшы мамандарын даярлау.

- №13 колледжі - тұрақты инновациялық дамуға қабілетті, ақпараттық-коммуникациялық технологияны кеңінен пайдаланатын,үштілді, заманауи оқу орнына жету.

 

Стратегиялық мақсаты мен міндеттері. Стратегиялық бағыты.

№13 колледжі өзінің Қазақстанның кәсіптік-техникалық білім беруді дамытудағы үлесін жан-жақты білім беру инфрақұрлымын құру, ауылшаруашылық  мамандарын даярлау саласындағы Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша инновациялық технологияларды жасау, теориялық әдістеме мен практиканы біріктіру, барлық мүдделі тараптардың әлеуметтік әріптестігін дамыту деп біледі.

 

Колледждің миссиясын жүргізу үшін келесі стратегиялық бағыттар белгіленді:

  • Әкімшілік-басқару қызметкерлерінің және инженер-педагог мамандарының кәсіби құзіреттілігін жетілдіру үшін жағдай жасау;
  • Еңбек нарығын ескере отырып, білім көрсету қызметінің сапасын көтеру ТжКБ мазмұнын жақсарту;
  • ТжКБ жүйесінің беделін арттыру. Жастардың өзін-өзі жетілдіру және ТжКБ қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • Білім сапасын жетілдіру, ТжКБ жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық базаны нығайту;
  • Қоғамдық көзқарасты жаңғырту негізінде рухани және салауатты өмір салтын мәдениетін нығайту;
  • Халықаралық ынтымақтастық және әлеуметтік серіктестермен байланыс.

Колледж тарихы

1961 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы совхозының «Көгерту» елді-мекенінде №186 кәсіптік техникалық училищесі болып ашылған.


Толығырақ