Жарияланған 30 May 2022

27.05.2022 жылы Шымкент қаласында орналасқан "Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің" 50 жылдығына орай «Аграрлық салада ғылым мен өндірістің ұштасуы

27.05.2022 жылы Шымкент қаласында орналасқан "Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің" 50 жылдығына орай «Аграрлық салада ғылым мен өндірістің ұштасуы

27.05.2022 жылы Шымкент қаласында орналасқан "Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің" 50 жылдығына орай «Аграрлық салада ғылым мен өндірістің ұштасуы – сапалы маман дайындаудың кепілі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті. Аграрлық салаға кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың қазіргі жағдайы мен перспективасы, ғылыммен өндіріс интеграциясын дамыту арқылы аграрлық салаға бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда колледждерге берілетін академиялық дербестіктің тиімділігін көрсету, педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру, шығармашылық тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференция Социалистік Еңбек Ері, а/ш.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, ВАСХНИЛ академигі Асанов Қасым Әбуұлының атындағы дәрісхананың салтанатты ашылуымен басталды. Конференцияға келген қатысушыларға колледждің материалдық-техникалық және оқу-өндірістік базасымен таныстырып, бейне-роликтер көрсетті. Осы конференцияда «№13 колледж» МКҚК директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Оразимбетов Сакен Есбердиевич «Арнайы пән оқытушыларының кәсіби шеберліктерін арттыруда «GoCongr» сервисін қолданудың тиімділігі» тақырыбында баяндама оқыды. Арнайы пән оқытушыларының өз шеберлігіне қарай ақпараттық технологияларды қолдану арқылы тапсырмаларды орындау және ақпаратты білім алушыға ыңғайлы және түсінікті түрде жеткізуге, олармен диалог жүргізуге және кері байланыстар жасауға GoCongr сервисінің қолданудың тиімділігі туралы өзінің тәжірибесімен бөлісті.