25-30 сәуір күндері аралығында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік ұйымдардың азаматтарды әскери қызметке дайындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы»
25-30 сәуір күндері аралығында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік ұйымдардың азаматтарды әскери қызметке дайындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» 2014 жылғы 11 ақпандағы №118 қаулысының талаптарына, Қазақстан Республиқасының Білім және ғылым министірлігінің 28.09.2005 жылғы №653 бұйырығымен бекітілген АӘД бағдарламасына, Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының «Оқу-дала жиындарын өткізу туралы» хатына сәйкес алғашқы әскери дайындық бойынша білімалушылардың теориялық алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекіту, дене шынықтыру дайындығын жетілдіру мақсатында Келес ауданындағы №13 колледж МКҚК жұмыс жоспары бойынша І-ІІ курс студенттерінің 5 күндік әскери–далалық оқу жиыны колледж базасында бастау алды. Оқу-жаттығудың мақсаты: студенттердің АӘД пәнінен алған теориялық білімдерін іс-тәжірибе негізінде жетілдіру. Болашақ жас сарбаздарды әскер қатарына дайындау, патриоттық сезімдерін ояту, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Жас сарбаздардың өз іс-әрекетінің дұрыс орындалуын қадағалау, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, жанындағы адамдарға көмек беруге, елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа, қиыншылыққа төтеп беруге тәрбиелеу. Бес күндік ОДЖ-ға келген білімалушылар «Жас сарбаз» атанып, өздерінің алғашқы әскери дайындық пәнінен алған білімдерін одан әрі іс-тәжірибе жүйеде жетілдіре түсуде. Әскери форманы сақтап, спорттық нормативтер мен тәңертенгілік дене жаттығу жұмыстары жүргізілуде. Кешкілік тексерістерде үздік роталар анықталып, спорттық мәдени іс-шараларда үздік өнер көрсеткен жас сарбаздарға рота, взвод командирлері атынан алғыс жариялану жоспарлануда. Таңертең ұйқыдан тұрғанда және кешкілік ұйқыға жатқанда ҚР әнұраны күнделікті орындалады. Болашақ сарбаздарға жарғыға сәйкес нарядтар тағайындалып, сол бойынша өз қызметтерін атқаруда. Қауіпсіздік ережелерін рота командирлері күнделікті жүргізіп, журналдарға қолдарын қойғызып отырады. Оқу-дала жиынында ҚР Қарулы Күштерінің «Саптық Жарғысы», «Гарнизондық және Қарауылдық Жарғысы», «Ішкі қызмет Жарғысы», «Тәртіптік Жарғысы», «Атыс дайындығы», «Тактикалық дайындық», «Әскери топография»» «Азаматтық қорғаныс» бойынша оқу-жаттығулар өтіліп, қару-жарақпен жақынырақ таныстыру ұйымдастырылу жоспарланған. Оқу-дала жиынында колледж медбикесі білімалушылардың денсаулықтарын қадағалап, қызбалдарға алғашқы көмек көрсету сабақтарын жоспарлы түрде өтуде.