Жарияланған 28 January 2022

«Мүмкін емес мүмкіндік» атты кітаптың авторы, қайырымды жан Рүстемова Ұлбосын Қаржауқызымен кездесу

Табиғатттағы барлық жылу күннен, Өмірдегі барлық жылу адамнан.
М.Пришвин

Қайырымды іс жасау оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады. Ал өзің біреуге қайырымдылық жасағанда көңілің көтеріліп, қуанасың, сол адамды қуантасың, қайырымды іс істей алатыныңа жақын-туыстарың, достарың, айналаң қуанады. Әрбір адамның жүрегінде сондай жылу болса, бір-біріне қайырымдылық жасап жатса, әлемдегі адамдардың барлығы бақытты өмір сүреді. Осындай бақытты жанның бірі Келес ауданының тумасы, «№13 колледж»МКҚК қамқоршылық кеңесінің төрайымы, «Мүмкін емес мүмкіндік» атты кітаптың авторы, қайырымдылық жасаудан шаршамайтын, өз уәдесіне берік жан Рүстемова Ұлбосын Қаржауқызын мақтанышпен айта аламыз. «Мүмкін емес мүмкіндік» атты кітаптың авторы Ұлбосын Қаржауқызымен колледж кітапханасында колледж белсенділері "Sanaly urpaq" клуб мүшелерімен кездесу болып өтті. Кездесу барысында Ұлбосын Қаржауқызы студенттердің барлық сұрағына шынайы жауап берді. Бізді тәнті еткені сондай жетістікке жеткен жанның өзін, өте қарапайым ұстауы және студенттерді бауырына жақын тарта сөйлегені жастардың өмірге деген құштарлығын, білімге деген қызығушылықтарын арттырды. Жастар Ұлбосын Қаржауқызына колледжге келіп өздерімен кездескені үшін алғыстарын білдірді.