Жарияланған 29 December 2021

"ТАЗА СЕССИЯ" АКЦИЯСЫ

№13 колледжде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 тамыздағы №576 қаулысымен бектілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Таза сессия» акциясы өтуде.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Келес аудандық мониторинг топ мүшесі Мархабай Нариман Абубәкірұлы емтихан кестесіне сай қысқы сессияны бақылауға алған. Директордың оқу-ісі бойынша орынбасары Садыкова Гүлнар Сабырқызы, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөнінде және "Таза сессия» аясында емтиханның жүргізілуі туралы педагогтар мен студенттер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.