Жарияланған 13 June 2022

АУДАН ӘКІМІ «WORLDSKILLS TURKІSTAN-2022» ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ.

«WORLDSKILLS» халықаралық қозғалысын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы №99 бұйрығына сәйкес,

«WORLDSKILLS» халықаралық қозғалысын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы №99 бұйрығына сәйкес, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 31 мамыр – 3 маусым күндері аралығында облыстағы жалпы он төрт колледждің базасында «WORLDSKILLS TURKІSTAN-2022» өңірлік кәсіби шеберлік байқауы болып өткен болатын. Осы байқауға қатысқан жүлделі орын алған педагогтарымызды марапттау үшін №13 колледжге Келес аудан әкімі А.Ү.Есбаев, Келес аудандының мәслихат хатшысы А.Тотиков және аудан әкімінің бірінші орынбасары А.И.Сексенбаев келді. Алдымен өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары дайындаған «AUTO CAMP» жеңіл авто көлігі мен аулаға дайындаған көрмені тамашалады. Колледж басшысы Козыбаев Жақсылық Ақылбекұлы колледж ауласына ілінген цифрлық ақпараттық тақталарымен таныстырды. КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ намысын қорғауда киелі қарашаңырақ №13 колледж педагогтері өздерінің кәсіби шеберлігімен облыстық чемпионатта жоғары орыннан көрінген болатын. Көрмеден кейін чемпионат қорытындысына сәйкес, 1 – күміс жеңіп алған «CAD инженерлік графикасы» құзіреттілігі бойынша қатысушы Құдайберген Балғынбек Байырбекұлы және оның жетекшісі Давлатбаев Курбанбек Калдибаевичті, 2 қола медаль иегерлері «Желілік және жүйелік әкімшілік» құзіреттілігі бойынша қатысушы Курбанов Исмайл Илхамжанұлы және жетекшісі Зульпухарова Гулжан Жолдасбековна мен «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша Куралова Нұргул Нурбайқызы жетекшісі Нурмаганбет Динара Нурмаганбеткыздарына аудан әкімі А.Ү.Есбаев алғыс білдіріп, арнайы марапат қағаздарын табыстады. Келесі аталымдар бойынша колледж директоры Ж.А.Козыбаев "Үздік кәсіп иесі" ерекше медальонмен марапатталған «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша студентіміз Мустафаев Мәди Саматұлы және оның жетекшісі Мамбетов Ербол Әбдіманапұлын, «Жеңіл автокөлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету» құзіреттілігінен шәкіртіміз Амангелді Бектөре Нуржанұлы жетекшісі Бекбаев Усен Нуржановичті, «Дәнекерлеу технологияларынан» шәкіртіміз Кеңесов Серік Біржанұлы және оның жетекшісі Мамбеталиев Абдималик Туралыулын марапаттап, арнайы ақшалай сыйлықтар табыстады.