Жарияланған 11 April 2022

«ҮМІТ ҮЗГІМ КЕЛМЕЙДІ»

Бүгін №13 колледжде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі №1- 16-7/1348-И санды хаты мен Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының 05.04.2022-ғы № 28-01/1473 шығыс хаты негізінде Келес ауданынан шыққан Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» атты әдеби танымдық кеш болып өтті. Мақсаты Ұлттық Ғылым Академиясының тұңғыш президенті

Қ.И. Сәтбаевтың туған күніне орай жастардың бойына ғалымдар еңбетерін және отандық ғылымды дәріптеу. Жастар Немат Келімбетов туралы күллі әлемнің жетекші ғалымдардың жазған пікірлерін талқылады. «Достық» клубы мүшелері ғалымның шығармаларын оқыды. Немат Келімбетов – түрколог-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор. ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі. Келес ауданының Абай ауылындағы орта мектепті бітірген. Ташкент қаржы-экономика инcтитутын (1959), ҚазМУ-дың филология факултетін сырттай оқып бітірген (1966). 1959 – 1960 жылдары Келес және Сарыағаш аудандық газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Ғылым академиясының Экономика институтында кіші ғылыми қызметкер, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және архитектура салалары бойынша Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комиссияның жауапты хатшысы болып жұмыс істеді. «Қазақстан» баспасында редактор (1976 – 81), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында профессор (1981 – 1997), Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің қазақ тілі кафедрасында профессор (1997 – 2002) қызметтерін атқарған. Әскери атағы - отставкадағы лейтенант. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан болашақта рухани-мәдени құндылықтарға бай, жоғары дамыған ел болады». Хоббиі - кітаптар. Сүйіп оқитын әдебиеті -тарихи, пәлсапалық және психологиялық әдебиет.Жұбайы - Келімбетова Қуаныш Тазабекқызы. Ұлдары -Мұхит (1964 жылы туған ), Қайрат (1969 жылы туған ). Немерелері -Қанат (1988 жылы туған ), Шынар (1991 жылы туған ), Айсұлтан (1993 жылы туған ), Азат (1993 жылы туған ).2010 жылдың желтоқсан айында қайтыс болған.