Бернард Шоу: -Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан қартаямыз .
Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты №13 колледждің әлеуметтік педагогы Мұртазаева Жансұлу Кенжеқызы және педагог-психолог А. Майлыбаеваның ұйымдастыруымен «Көңілі көтеріңкі ұстаздың, еңбегі де жемісті» атты колледж ұстаздарына арналған психологиялық тренинг болып өтті. Мақсаты: Педагогтардың психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната білу. «Қыран түлегіне қайрылмас қанат, ұстаз түлегіне алға бастар талап сыйлайды» -демекші шәкірттеріңіз білім әлемінде биіктен көрініп, еңбектеріңіз жана берсін. Сіздердің еңбектеріңіз арқылы шәкірттеріміздің талабы өркендеп, өрлей береді.