Жарияланған 10 February 2022

“Мұқағали-мәңгілік ғұмыр”

Биыл ағиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толды.Осы датаны атап өту мақсатында №13 колледждің арнайы пән оқытушысы Нысанбаева Жадыра Қалдыбекқызы және көркем өнерпаздар үйірмесінің жетекшісі Алдиярова Элмира Құдайбергенқызы және "Өзін өзі басқару ұйымы" студенттік парламент мүшелері, Білім министрі Мейірман Айдана, Әділет министрі Нұрлыбайқызы Нұрбибі, Экология министрі Түзел Жібек және "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығы бойынша білім алып жатқан ІІІ курс, №36 топ студенттерінің ұйымдастырумен "“Мұқағали-мәңгілік ғұмыр” атты әдеби сазды кеші болып өтті.

Әдеби сазды кешті директордың тәлім-тәрбие істері жөніндегі орынбасары Шынаев Нұржігіт Нұрмагамбетович ашып берді. Өз сөзінде  Нұржігіт Нұрмагамбетович Мұқағали Мақатаев1931-1976 жылдар аралығында ғұмыр кешкен ақын, аудармашы, драматург, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқағали Мақатаев 9 ақпанда дүниеге келген.
Алматы облысы Райымбек ауданының тумасы жоғары білімді қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен алған. 1952-1969 жылдары Қарасаз бастауыш мектебінде орыс тілінің мұғалімі, Қазақ радиосының дикторы, Шалкөдеде «Қызыл отау» меңгерушісі, «Советтік шекара» деп аталған (қазіргі «Хантәңірі») Нарынқол аудандық газеттің жауапты хатшысы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер, Жазушылар одағы поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған істері жөнінде мәлімет беріп өтті.