1 қыркүйек «Білім» күніне орай колледжімізде Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» атты ескерткіштің ашылу салтанаты болып өтті.
Салтанатты жиын санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, 1 курс білім алушылары үшін дәстүрлі форматта өтті. Іс-шараны негізгі бөлімі ескерткіштің ашылуын Келес ауданы әкімі Есбаев Ақментай Үсенұлы және колледжіміздің ардагер ұстазы Икрамов Сламуддин ағай ашып, ауданы әкімі Ақментай Үсенұлы жастарды білім алуға ерінбей еңбек ету керектігі айтып, шәкірттерге алдағы оқу жылына жақсы білім алуға шақырды. Ескерткіш орнатудағы мақсат:
1. Білім алушылардың патриотизмін тәрбиелеу, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
2. Туған елдің тарихына деген қызығушылықты арттыру.
3. Азаматтық сана-сезімді қалыптастыру, жастар ортасына толеранттылық идеяларын ілгерілету, ел өміріне қатыстылық сезімін тәрбиелеу.
4. Дамыған өндіріске еркін қалыптасатын кәсіби маман иелерін даярлау.
Іс-шара жасөспірімдердің ел-жерін сүюге ықпал етеді. Мүсінді жасауға екі айдай уақыт кетті. Ескерткіш және «Жастар аллеясы» №13 колледж басшысы Козыбаев Жақсылық Ақылбекұлының бастамасымен құрылып, жастарға жаңа идеялар мен алған білімдерін дамытуға арналып салынды.
Бұл бір ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы күн. Тәуелсіз еліміз-Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай-ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн. 1 қыркүйек әсіресе мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттағалы тұрған, жаңа өмірге қадам жасаған бірінші сынып оқушылары үшін қуанышты күн. Осындай қуанышты күні аудан әкімі А.Есбаев Қошқарата ауылдық округіндегі 1 мамыр және Абай ауылындағы №13 колледжде болып, «Алғашқы қоңырау» күнімен құттықтап, ыстық лебізін білдіру үшін арнайы келді.
-Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Оқушылардың жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына бар мүмкіндікті қарастыру біздің басты міндетіміз. Сол себепті жаңа заманға сай аудан мектептерін цифрлық білім беру ресурстарымен қамту, кең жолақты интернетке қосу және видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстары жалғасуда. Шындығында ертеңгі күн бүгінгі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне төгілген тердің өлшемімен таразыланады. Сондықтан ел ертеңінің жарқын болуына, сауатты да салауатты ұрпақ қалыптастыруда мемлекет үшін білім саласы қашан да маңызды болып қала бермек. Елдегі қазіргі ахуалға байланысты өткен оқу жылын оқушыларымыз қашықтан оқыды. Бұл қадам біріншіден балалардың денсаулығын сақтау үшін жасалған шара болса, екіншіден оқытудың жаңа тәсілін тексеруге таптырмас мүмкіндік болды. Қашықтан оқыту өз нәтижесін берді. Биыл мектеп бітірген жастарымыздың көрсеткіші бізге осыны дәлелдеп берді.
Қадірлі ұстаздар!
Сіздерге өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз үшін алғыс айта отырып, алдағы білім күнімен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте шығармашылық табыс тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай.