Жарияланған 4 August 2021

«№13 КОЛЛЕДЖ» МКҚК «ASHYQ» qr code ЖОБАСЫНА ҚОСЫЛДЫ.

Қазіргі таңда пандемияға байланысты "Ashyq" қосымшасы іске қосылып, өз жұмысын бастады.

«Ashyq» – білім беру ұйымдарына келушілерді тіркеу қосымшасы. Колледжде немесе кіреберісте пайдаланушы сол мекеменің арнайы QR-кодын сканерлейді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы «covid-19» бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалған.

Описание: ✔«Ashyq» мобильді қосымшасы QR-кодты қолдану және Денсаулық сақтау министрлігінің базасымен интеграция арқылы келушінің статусын: ол вирус жұқтырған ба, жоқ па, анықтауға мүмкіндік береді.

«Жасыл» түс - келушінің деректер базасында ПТР тестілеуі теріс шыққан азамат ретінде тіркелгенін білдіреді. «Жасыл» статус 72-сағатқа ғана сақталады да, ары қарай «көк» статусқа өзгереді

«Көк» түс - бейтарап белгі, демек мұндай статусы бар адамдар ҚР ДСМ базасында ПТР-тестілеуі оң науқастар қатарында жоқ және науқас адаммен байланыста болмаған. Келуші статусының өзгеруі ҚР ДСМ деректер базасындағы ақпаратқа байланысты.

«Сары» түс - науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады.

«Қызыл» түс - егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек.

Қосымша бір мезгілде нысандағы адам санын (жеке деректерсіз) және жұмыс ету уақытын талдауға бақылауға, мониторингтік тексерулерді жүргізу қажеттілігін азайтуға, мекемеге келушінің науқас еместігін анықтауға мүмкіндік береді.