Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады. Қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Сарытүбек ауылында дүниеге келген болатын .
Осы мерекеге біздің колледж студенттері де ат салысып белсенділік танытты. Атап айтар болсақ Келес аудандық Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған "Мәңгілік ел болу үшін мәртебелі тіл керек" атты байқауға №13 колледжден №09 топ студенті Құрбанов Смайл мен №39 топ студенті Гүлмамедова Зарина Изетовна қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мереке құтты болсын.