Жарияланған 3 November 2021

«ӨНЕРЛІ ҰСТАЗ - 2021» облыстық байқауы

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту ортылығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық колледж мұғалімдері арасында өткен «Өнерлі ұстаз—2021» байқауына №13 колледж намысын қорғап, арнайы пән оқытушысы Нысанова Жадыра Қалдыбекқызы қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.

Бүгін Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту ортылығы» КММ-нің ұйымдастыруымен облыстық «Өнерлі ұстаз - 2021» байқауы өтті. Аталған өнер байқауының шымылдығын «Облыстық қосымша білім беруді дамыту ортылығы» КММ директоры Ешенқұлов Бахытжан Қабайұлы ашып, өнерлі де, жігерлі, білікті ұстаздар қауымына сәттілік тіледі. Байқау, жалпы облыстық колледж ұстаздары арасында бақ сынады.

Мақсат - ұстаздың тарихи танымдығын, педагогикалық-психологиялық сауаттылығын және шығармашылық талантын анықтау. Тәрбие жүйесінде ұстаздардың жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуына ерекше көңіл бөлу, жаңартылған білімдегі тәжірибесімен өзара бөлісу;

Ұлттық және жалпы адамзаттық тәжірибені іске асырудың феноменальды құралы ретінде ән шығармашылығын өзектендіру;

Ән шығармашылығының зерделеу және насихаттау арқылы олардың музыкалық-теориялық пәнге деген қызығушылығын арттыру болып табылады.