Соңғы жылдары елімізде техникалық және кәсіптік білім берудің сапалы кадрлары туралы мәселе үлкен маңызға ие болуда. ТжКБ ұйымдарының түлектерін даярлаудың жоғары деңгейі талап етіледі, яғни қазіргі заманғы өндірістік салалар өздерінің кәсіби міндеттерін орындай алатын, өндірісте теориялық және практикалық дағдылардың жоғары деңгейіне ие мамандарға мұқтаж. Техникалық және кәсіптік білім беру сапасын жақсарту мақсатында қазіргі заман қоғамының сұраныстарына сәйкес дуалды оқыту жүйесі бойынша «№13 колледж» МКҚК 07230100-«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы, 3W07230101-«Тігінші», 3W07230102-«Арнайы тігінші» біліктілігіне енгізілген болатын. Кез-келген жас мамандарды дайындаудағы бастамалардың ұйытқысы болатын, әрине кәсіпорындар. Әлеуметтік - әріптестік колледж оқушыларының теория мен практиканы ұштастырып, өндірістік іс-тәжірибеде сапалы маман даярлауда маңызы зор.
«Умаров Н.Д» ЖК өндірістік мекемесімен үш жақты келісім шарт жасалып, Умаров Нуржан Джурабековичпен бірге колледж білімгерлерімен «Умаров Н.Д» ЖК тігін цехында өндірістік практикалық жұмыстарын жасауда. №13 колледждің өндірістік оқыту шеберлері Құттыбава Алия және Абжаппарова Құралай оқу орнында теориялық оқытуды және өндірістегі өндірістік оқытуды біріктіре отырып, теория мен пратиканы ұшастыра, жан-жақты студенттерге тігін тігудің қыр-сырын меңгертуде. «Умаров Н.Д» ЖК тігін цехында өндірістік практикалық жұмыстарды өтуде және жұмыс орнындағы кәсіптік даярлықты икемді үйлестіруге және білім алушыға неғұрлым жоғары біліктілік (деңгей) беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде, таңдаған мамандығын тікелей өндірісте меңгереді. Дуалды оқыту жүйесі студенттердің кәсіби дайындығына кәсіпорындардың маңызы өте зор.