. LearningApps сервисі оқушылардың оқуын өз бетінше дамыту және қамтамасыз ету үшін көп мүмкіндіктерге ие және оқушы мен мұғалім арасында кері байланыс бере алатын негізгі құралдарды пайдалану. Веб-сервистер, тарау аяқталғанда бөлім бойынша және жарты жылдық, жылдық жиынтық бағалау өткізуде өте қолайлы құрал және тест жұмыстарын (бір дұрыс жауаппен және бірнеше дұрыс жауаптармен) сәйкестендіру тапсырмаларын өткізуге, оқушыларға белгілі бір тақырып бойынша жазба жұмысын жаздыруға, бақылау жұмыстарын орындатуға ыңғайлы құрал болып табылады. «Google формалары мен «Google form» сервистерін қолдану» тақырыбында №13 колледждің ақпараттық технологиялар жөніндегі директордың орынбасары Оразимбетов Сакен ағай баяндама оқып, жасалу жолдарын көрсетіп берсе, «Google Classroom» кері байланыс құралы ретінде және «Google meet» онлайн сабақтар мен конференциялар үшін қолдану тақырыбында «Mechanical Engineering CAD» құзыреттілігінің бас сарапшысы Аринов Тұңғышбай ағай баяндама оқыды.
«Іspring quizmaker» сервисі арқылы білім алушылардың білім деңгейін тексеру» тақырыбында информатика пәні оқытушысы Мамбетов Ербол Әбдіманапұлы өзекті мәліметтерімен бөліссе, арнайы пән оқытушысы Туктибаев Айтжан «LearningApps» сервисі оқушылардың оқуын өз бетінше дамыту және қамтамасыз ету» тақырыбында баяндама жасады. Вебинар барысында баяндама жасаған әріптестерге қатысушылар жағынан берілген сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берілді. Осы вебинарды ұйымдастыруда белсенділік танытқан №13 колледж ұжымына Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Әдістемелік орталығы» Таңқыбаев Мұрат ағай мен Жунисова Назым апай алғыстарын білдіріп, осы іс-шараны республика көлемінде ұйымдастыруды ұсыныс жасады.