№13 колледжде 01.11.2021-05.11.2021 күндер арасында "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" құзыреттілігі бойынша "Тігіншілер апталығы" өтуде. Қалбаева Улбике апай өз шәкірттерімен тіккен "Қызыл құрақ" атты топтамасын, Құттыбаева Әлия және Абжаппарова Куралай апайлар дайындаған "Кестелі көйлек", киізбен салған «Қарақат» топтамасын киіп дефиле шоуы болып өтті.
Көрсетілімде "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығының 2-3 курс білім алушыларының өндірістік оқу сабағында тіккен киімдері мен дипломдық жобалары ұсынылды.
"Қызыл құрақ", "Кестелі көйлек" киізбен салған «Қарақат» стильдеріндегі киім үлгілері көз жауын алып, көрерменнің жоғары бағасына ие болды.. Ұлттық колорит стиліндегі заманауи үлгілер көрсетілімі жарқын аксессуарлармен толықтырылған. Көрермендер"Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығының студенттері мен оқытушыларын құттықтап, болашақ мамандардың нәзік талғамы мен кәсібилігін зор қошеметпен атап өтті.